Басты беттегі Слайдшоу

Mar
16

Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасында профессор А.В. Сладковскимен кездесу өтті

14.03.2019 жылы Силез техникалық университетінің профессоры Сладковски Александр Валентиновичпен география және табиғатты пайдалану факультетінің тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасында кездесу өтті. А.В. Сладковски – т.ғ.д., профессор, Силез техникалық университетінің  логистика және көлік технологиялары кафедрасының меңгерушісі (Катовице қ., Польша). Ол 1 курс докторанты А.Урымбаеваның шетелдік жетекшісі болып табылады. Осы кездесудің аясында отандық жетекшісі Т.А. Базарбаева ғылыми […]

Толығырақ
Feb
28

«НЕВАДА-СЕМЕЙ» ҚОЗҒАЛЫСЫНА – 30 ЖЫЛ

Бүгін әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың мәжіліс залында «Невада-Семей» қозғалысының 30 жылдығына арналған ауқымды шара өтті. Жиын жұмысына «Невада-Семей» халықаралық антиядролық қозғалысының президенті, Халық жазушысы әрі ақын, Қазақстанның қоғам қайраткері Олжас Сүлейменов, Қазақстанның қоғам қайраткері, мәдениеттанушы-ғалым, Мұрат Әуезов, антиядролық қозғалыстың ардагерлері Майдан Әбішев, Амангелді Мұстафин, Людмила Прус, Гүлдана Нұрпейісова, Күләш Басыбекова, Рүстем Тұрсынбаев, Валерий Жандаулетов, Гүлсім Сүлейменова, […]

Толығырақ
Feb
20

Студенттер және жас ғалымдардың «ФАРАБИ ӘЛЕМІ» атты халықаралық ғылыми конференциясы

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің география және табиғатты пайдалану факультеті 2019 жылдың 8-10 сәуір күндері өтетін студенттер және жас ғалымдардың «ФАРАБИ ӘЛЕМІ» атты халықаралық ғылыми конференциясына қатысуға шақырады. Конференцияға қатысуға Қазақстан Республикасы мен шетелдің жоғары оқу орындарындарында білім алатын студенттер, магистранттар, докторанттар және жас ғалымдар шақырылады. Конференцияға қатысушылардың баяндамалары 2019 жылдың 8-сәуірінен бастап секция отырыстарында […]

Толығырақ
Feb
05

Франциямен халықаралық серіктестік бағдарламалар

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Пан Ги Мун атындағы тұрақты даму институты», «ҚазҰУ ЮНЕСКО» (тұрақты даму мен халықаралық журналистика және қоғамдық медиа кафедрасы) кафедралары «Total» компаниясымен бірге «Тұрақты даму мақсаттарында Жаһандық азаматтықты дамыту» атты оқыту бағдарламасын жүзеге асырады. Серіктестік және ынтымақтастық аясында 2019 жылдың 4-8 ақпан аралығында университетте бакалавриат, магистратура және докторантураның студенттеріне арналған түрлі […]

Толығырақ
Dec
04

27.11.2018 әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың БҰҰ, әйелдер одағының қолдауымен гендерлік саясат және теңдік бойынша семинар өтті.

Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасында Гендерлік теңдік стратегиясын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын қабылдайды және қол жеткізілген прогресстер мен елдегі гендерлік теңдікке қол жеткізу жөнінде жүргізіліп жатқан жұмыстың нәтижелерін ұдайы қадағалап отырады. Семинарда әйелдерді мемлекеттік және қоғамдық басқаруға белсенді тартуға қатысты мәселелер талқыланды. Әйелдер одағының төрағасы Б.У. Жолдасбекованың, ҚазҰУ-дың ЮНЕСКО кафедраларының меңгерушілері Н.Т. Шыңғысованың, Т.А. […]

Толығырақ
Nov
23

Алматы каласының экологиялық проблемалары

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО» кафедрасында 2018 жылдың 19 қарашасыңда «Алматы каласының экологиялық проблемалары» атты дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстел жұмысына Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің магистранттары қатысты. Талқылаудың басты тақырыбы – Алматы қаласының экологиясы және қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне байланысты болды. Ұйымдастырылған дөңгелек үстел барысында, профессор Г.А.Садырова қазіргі кездегі […]

Толығырақ
Sep
19

2018 жылдың 24 қыркүйегі мен 26 қыркүйегі аралығында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде (Алматы қ.) ИСЕСКО-ға мүше мемлекеттердің биосфералық резерваттар желісін дамыту жөніндегі Аймақтық 1 кездесу өтеді.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен Ислам елдері білім, ғылым және мәдениет ұйымы (ИСЕСКО) ҚР Ұлттық Комиссиясының қолдауымен ЮНЕСКО және ИСЕСКО жұмыстары бойынша МАБ-нің Қазақстандық Ұлттық Комитеті Алматыда биосфералық резерваттар желілерін дамыту бойынша ИСЕСКО-ға мүше елдермен 1-ші аймақтық кездесуін өткізеді. Жиында ИСЕСКО-ға мүше 10 мемлекет – Египет, Пәкістан, Индонезия, Түркия, Иран, Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан […]

Толығырақ
Jun
21

ҚазҰУ-да «5В060800-Экология» мамандығы бойынша білім беру бағдарламаларын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының халықаралық семинары өтті.

11-15 маусым 2018 ж. әл-Фараби атындағы кітапханада ағылшын тілінде «5В060800 – Ecology» мамандығы бойынша Білім беру бағдарламасын құрастыру жиналысы болып, халықаралық семинар сәтті өтті. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің грантына тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасының оқытушылары ие болды. Негізгі оқу бағдарламасын, мамандық паспортын құрастыру және болашақ түлектердің құзіреттілік жобасын арттыру бойынша ұйымдастырылған шараға шетелдік […]

Толығырақ
Mar
07

VІI Халықаралық студенттік форум «Жасыл көпір ұрпақтан-ұрпаққа»

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ 2018  жылдың 9-10 сәуір аралығында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде  мемлекетіміздің басшысы Н.Ә. Назарбаевтың  «ХХI ғасырдағы тұрақты дамудың ғаламдық энергоэкологиялық стратегиясын» және «Жасыл көпір» бастамасын жүзеге асыруды қолдауға арналған VІI Халықаралық студенттік форум «Жасыл көпір ұрпақтан-ұрпаққа» өтеді. Форумның негізгі мақсаты студенттер мен  жас ғалымдарды «жасыл экономика» үрдісін дамытуға қатыстыру және тұрақты дамуды қамтамасыз […]

Толығырақ
Feb
27

Аридті аймақтар: экологиялық және әлеуметтік тұрақтылық

2018 жылдың 11-12 сәуір аралығында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Оксфорд университетімен (Ұлыбритания) және ЮНЕСКО-ның “Адам және биосфера” бағдарламасының Ұлттық комитетімен бірлесе отырып “Аридті аймақтар: экологиялық және әлеуметтік тұрақтылық” (“Arid Lands: Environmental and Social Sustainability”) атты Халықаралық ғылыми конференциясын өткізуін хабарлайды. Бұр ісшара Еуразияның орталық бөлігінде орналасқан аридті аймақтарының тұрақты даму өзекті мәселелеріне арналған. Конференция […]

Толығырақ
Страница 6 из 8« Первая...45678