Алматы мемлекеттік табиғи қорығында өткен ғылыми далалық семинар
2025 жылғы 28 маусымда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің география және табиғатты пайдалану факультетінің жас ғалымдары мен Шыңжаң университетінің (ҚХР) жас ғалымдары Алматы мемлекеттік табиғи қорығының базасында ғылыми далалық семинар өткізді. Іс-шараға Тұрақты даму жөніндегі ЮНЕСКО кафедрасының оқытушылары, соның ішінде техника ғылымдарының кандидаты Тусупова Баян Халеловна және семинарды ұйымдастыруға көмектескен кафедра магистранты Байзакова Нұрбике қатысты. […]
Тұрақты даму және экологиялық менеджмент бойынша дәрістер
2025 жылғы 27 маусымда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Қазақстан-қытай орталығында тұрақты даму және экологиялық менеджмент мәселелеріне арналған оқу күні өтті. Іс-шараға ҚазҰУ мен Синьцзян университетінің (ҚХР) студенттері мен жас ғалымдары қатысты. Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасының оқытушылары – т.ғ.к. Тусупова Баян Халеловна және х.ғ.к. Минжанова Гульдана Маратовна дәріс оқыды. Бағдарлама аясында келесі тақырыптар қамтылды: […]
Т.Л.Тәжібаева «Тіршілік туралы ғылымдардағы биологиялық тәуекелді басқару бойынша тест тапсырмаларының жинағы» (2025 ж.) оқу-әдістемелік құралы HSP гранты бойынша ХҒТО қолдауымен әзірленді. Тест тапсырмаларының жинағында типі және қиындық деңгейі әртүрлі 125 тест бар, оның ішінде 5 тапсырма түрі бар: балама жауап; сәйкестікті қалпына келтіру; бір немесе бірнеше жауап; жетіспейтін сөзді таңдау және эссе тақырыптары. Оқу құралы […]
Қазақстанның мақтанышы – Сиверс алма ағашын сақтау
2024 жылғы 16 қазанда Алматыда DBU (Германия) қаржыландыратын “ALMA-Kika” бастамасы шеңберінде үшінші жобалық кеңес өтті. Іс-шара экожүйелер мен биоәртүрлілікті қорғау жөніндегі Қазақ-Герман институтында (KAGEB) өтті. “Пайдалану арқылы сақтау: жабайы жеміс ағаштарының қандай жемістерін сақтау мақсатында құндылық құрудың кешенді тізбектеріне біріктіруге болады” тақырыбына арналған семинар қонақтары: Рафис Абазов, ҚазҰАЗУ халықаралық қатынастар жөніндегі проректоры, Турдиев Тимур Туйгунович, […]
Тұрақты даму бойынша семинар: БҰҰ-ның 17 мақсатын талқылау
15 қазанда Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасы ұйымдастырған семинар қоршаған орта мониторингі және тұрақты даму зертханасында өтті. Шараға БҰҰ-ның 17 мақсатын жүзеге асыруға қызығушылық танытқан докторанттар жиналды. Негізгі баяндамашылар ретінде кафедра меңгерушісі, профессор Т.А. Базарбаева және кафедраның профессор м.а., биология ғылымдарының кандидаты Г.А. Мұқанова сөз сөйледі. Профессор Т.А. Базарбаева тұрақты даму мақсаттарына жетуге бағытталған стратегиялық […]
«Білім беру және ғылым саласындағы әйел педагогтардың рөлі» халықаралық дөңгелек үстелі
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасы сіздерді Халықаралық мұғалімдер күніне арналған «Білім беру және ғылым саласындағы әйел педагогтардың рөлі» тақырыбындағы Дөңгелек үстелге қатысуға шақырады. БҰҰ-ның тұрақты дамуының 17 мақсатының ішінде-5-мақсат гендерлік теңдікті қамтамасыз етуге және барлық әйелдер мен қыздардың мүмкіндіктерін кеңейтуге арналған. Іс-шараның мақсаты: студенттерді әйелдердің ғылымға қосқан үлесімен, олардың жетістіктерімен […]
Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасының жазғы мектепке қатысуы
Синьцзян университетінің (ҚХР) көшбасшылары мен студенттеріне арналған “Қоршаған ортаны қорғау – 2024 (1st SSP-PE-2024)” жазғы мектебі аясында Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасының оқытушылары Тусупова Б.Х., Дарибаев Ж.Е., Минжанова Г.М. атмосфераны қорғау, ағынды суларды тазарту және экологиялық менеджмент бойынша дәрістер оқыды. Өткізілген сабақтардың тақырыбы академиялық және кәсіби контекст шеңберінде қоғамның инновациялық технологиялық, әлеуметтік және мәдени тұрақты […]
«ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК СТУДЕНТІ»
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» атты бағдарламалық мақаласындағы ұлттық құндылықтарды республикамыздың жастары арасында кеңінен насихаттау мақсатында Қазақстан Республикасы “Bilim-orkenieti” ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығы өткізген «ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК СТУДЕНТІ» атты республикалық байқауына қатысып, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, “ 6B11201”-Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі мамандығының 3 курс […]
Пластик жинау акциясы
«Green Office Kaznu» виртуалды платформасын дамыту және ТДМ 12 «Жауапты тұтыну және өндіріс» мақсатын орындау барысында Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасы 25-28 маусым аралығында университет кампустарында пластикалық қалдықтарды жинау бойынша экологиялық акция өткізді. Ұстаздар мен студенттердің белсенді қатысуымен жиналған пластиктер мамандандырылған кәсіпорындарға қайта өңдеуге жіберілді
Экзо-орындық жасап шығару
Ғылыми жетекшісі т.ғ.к., аға оқытушы Д.М.Акубаеваның бақылауымен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасының «7M11201 Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» мамандығының 2 курс магистранты Ақылбек А.Қ. тірек-қозғалыс жүйесіне ауыр салмақ түсіретін ауыр жұмыс кезіндегі еңбек жағдайын жақсартуға арналған. «Кәсіптік тәуекелді бағалау әдісін негіздеу және оны төмендету бойынша шешімдерді әзірлеу» тақырыбындағы ғылыми жұмысының нәтижелерін […]