Тұрақты даму және экологиялық менеджмент бойынша дәрістер

30.06.2025-12025 жылғы 27 маусымда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Қазақстан-қытай орталығында тұрақты даму және экологиялық менеджмент мәселелеріне арналған оқу күні өтті. Іс-шараға ҚазҰУ мен Синьцзян университетінің (ҚХР) студенттері мен жас ғалымдары қатысты.

Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасының оқытушылары – т.ғ.к. Тусупова Баян Халеловна және х.ғ.к. Минжанова Гульдана Маратовна дәріс оқыды.

Бағдарлама аясында келесі тақырыптар қамтылды:
– Тұрақты дамудың геоэкологиялық аспектілері
– Тұрақты даму бойынша тәжірибелік мысалдар
– ISO 14001 стандарты бойынша экологиялық менеджмент жүйесінің құрылымы
– Экологиялық таңбалау және оның маңызы
Дәрістер барысында ғаламдық экологиялық мәселелер, халықаралық стандарттардың маңызы және жастардың әлеуметтік жауапкершілігі талқыланды.

11 просмотр

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

You may use these HTML tags and attributes: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>