Т.Л.Тәжібаева «Тіршілік туралы ғылымдардағы биологиялық тәуекелді басқару бойынша тест тапсырмаларының жинағы» (2025 ж.) оқу-әдістемелік құралы HSP гранты бойынша ХҒТО қолдауымен әзірленді. Тест тапсырмаларының жинағында типі және қиындық деңгейі әртүрлі 125 тест бар, оның ішінде 5 тапсырма түрі бар: балама жауап; сәйкестікті қалпына келтіру; бір немесе бірнеше жауап; жетіспейтін сөзді таңдау және эссе тақырыптары. Оқу құралы аралық және шекті бақылау жүргізу, тест түрінде емтихан ұйымдастыру кезінде студенттердің білімін бағалауға арналған, сонымен қатар өзін-өзі даярлау процесінде студенттердің сенімді көмекшісі болады. Тіршілік туралы ғылымдар саласындағы әртүрлі мамандықтар бойынша оқитын бакалавриат және магистратура студенттеріне, жас ғалымдар мен университет оқытушыларына және биологиялық тәуекелдерді басқаруға қатысы бар барлық мүдделі тұлғаларға ұсынылады. Оқу құралы электронды форматқа ие және оны күндізгі және қашықтықтан оқыту үшін пайдалануға болады.

20 просмотр

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

You may use these HTML tags and attributes: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>