Факультеттің ғылыми кеңесі өтті

 

WhatsApp Image 2025-07-03 at 16.48.52 (1)

03 шілде 2025 жылы география және табиғатты пайдалану факультетінің №13 Ғылыми кеңестің кеңейтілген отырысы өтті

2025 жылғы 3 шілдеде География және табиғатты пайдалану факультетінің №13 Ғылыми кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті. Жиын сағат 10:00-де БАЗ 3 аудиториясында ұйымдастырылды. Кеңес жұмысына факультет басшылығы, профессор-оқытушылар құрамы мен Академиялық комитет мүшелері қатысты.

КҮН ТӘРТІБІНЕ сәйкес үш маңызды мәселе қаралды:

1. Университеттің Ғылыми кеңесінде және факультет деканатының отырысында қаралған мәселелер және оларды жүзеге асыру шаралары – бұл бағытта факультет деканы А.С. Ақтымбаева баяндама жасап, қабылданған шешімдер мен олардың іске асу тетіктеріне тоқталды. Атап айтқанда, білім беру сапасын арттыру, студенттердің академиялық ұтқырлығын кеңейту, цифрландыруды жетілдіру сынды басым бағыттар белгіленді.

2. 2024–2025 оқу жылының қорытындылары мен нәтижелері: жетістіктер, мәселелер, болашағы – А.С. Ақтымбаева оқу жылының маңызды нәтижелерін сараптап, факультет жетістіктерімен қатар шешімін күткен мәселелерді де атап өтті. Келесі оқу жылына арналған негізгі басымдықтар да нақтыланды.

3. Факультеттің Академиялық комитетінің 2024–2025 оқу жылының көктемгі семестрі бойынша есебі – Академиялық комитет төрағасы А.Ғ. Көшім көктемгі семестрде оқытушылардың УМКД (оқу-әдістемелік кешендері) сапасына, оқу процесінің ұйымдастырылуына және студенттердің үлгерім көрсеткіштеріне талдау жасап, ұсыныстарын білдірді.

Кеңейтілген отырыс қорытындысы бойынша нақты тапсырмалар беріліп, жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары басталды. Кеңес барысында көтерілген ұсыныстар мен шаралар факультеттің даму стратегиясын одан әрі тиімді жүзеге асыруға бағытталған.

3 просмотр

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

You may use these HTML tags and attributes: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>