Алматы каласының экологиялық проблемалары
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО» кафедрасында 2018 жылдың 19 қарашасыңда «Алматы каласының экологиялық проблемалары» атты дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстел жұмысына Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің магистранттары қатысты. Талқылаудың басты тақырыбы – Алматы қаласының экологиясы және қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне байланысты болды. Ұйымдастырылған дөңгелек үстел барысында, профессор Г.А.Садырова қазіргі кездегі әлемдегі мега қалалардың экологиялық проблемалары туралы айтты. Геоэкология мамандығының магистранттары И.Салықбай, С.Айдарханұлы «Алматы қаласының экологиялық жағдайы» және «Алматы қаласын көгалдандыру шараларын жүргізу» атты тақырыптарда баяндамаларын жасап, мәселелерді шешудің жолдарын іздеуіне назар аударды. Дөңгелек үстел барысында Абай атындағы ұлттық педагогикалық университетінің магистранттары қаламыздың экологиялық ахуалды жақсарту жайында өз ойларын ортаға салып, өздерінің ұсыныстарын жеткізіп отырды.
Алматы тұрғындарының арасында экологиялық жағдайы туралы пікірлерін білу мақсатында А.Ошақбай, Н.Сеидхамилидинұлы, Б.Пардабай магистранттары сұрақ-жауап сауалнамасын өткізді. Сауалнаманың нәтижесінде атмосфералық ауаның зиянды заттармен ластануы қалалықтар үшін ең маңызды мәселе болып отырғаны анықталды.