Аймақтық геоэкология пәні және ерекшеліктері

Аймақтық геоэкология пәні және ерекшеліктері

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің Ресей халықтар достастығы университетімен (РУДН Мәскеу қ.) География және табиғатты пайдалану факультетінің тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасында білім беру бағдарламаларын әзірлеу бойынша ынтымақтастығы аясында 14.11.2018 ж. 225 ауд. сағат 12.00-де «Аймақтық геоэкология пәні мен ерекшеліктері» тақырыбында дәріс өткізілді. Дәріскер, Т.ғ. к., РУДН доценті, Станис Елена Владимировна қатысып отырған студенттер мен магистранттарды “аймақтық геоэкология” курсымен, территорияны аймақтық бағалау ерекшеліктерімен таныстырды. Дәріскер аумақтың геоэкологиялық жағдайын бағалау әдістері туралы егжей-тегжейлі баяндап берді. Ол атап өткендей, өңірлік геоэкологиялық талдаудың объектілері геоэкологиялық жағдайдың сипаты мен қауырттылығы бойынша бөлінетін аумақтар болып табылады,бұл өз кезегінде ерекше қызығушылық тудырады. Мұндай талдаулар негізінде инженерлік-геоэкологиялық карталарды қолдану жүргізілетін зерттеулердің сапасын жақсартады.
Геоэколог-магистранттар курсты қызығушылықпен тыңдап, аумақтың табиғи және өндірістік потенциалдарын кешенді бағалау бойынша қабылданған ғылыми тәсілдер туралы сұрақтар қойды.

2,561 просмотр

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

You may use these HTML tags and attributes: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>