VІI Халықаралық студенттік форум «Жасыл көпір ұрпақтан-ұрпаққа»
АҚПАРАТТЫҚ ХАТ
2018 жылдың 9-10 сәуір аралығында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде мемлекетіміздің басшысы Н.Ә. Назарбаевтың «ХХI ғасырдағы тұрақты дамудың ғаламдық энергоэкологиялық стратегиясын» және «Жасыл көпір» бастамасын жүзеге асыруды қолдауға арналған VІI Халықаралық студенттік форум «Жасыл көпір ұрпақтан-ұрпаққа» өтеді.
Форумның негізгі мақсаты студенттер мен жас ғалымдарды «жасыл экономика» үрдісін дамытуға қатыстыру және тұрақты дамуды қамтамасыз ететін экологиялық бастамаларды орындау саласындағы студенттік ұйымдармен тәжірибе алмасу және қарым-қатынасты нығайту.
Форумның бағдарламасы:
- Толық мәжіліс жұмысы;
- Панельді секциялар келесі бағыттар бойынша жұмыс жасайды:
- Тұрақты даму мәнмәтініндегі жасыл технологиялар және табиғатты пайдалану;
- Тұрақты даму мәнмәтінінде биологиялық және экожүйелік алуантүрлілікті сақтау;
- “Жасыл” экономика және жастар.
Форумның нәтижесінде форум мәліметтері мен мақалалар жинағы (қағаз нұсқасы) жарыққа шығады, сондай-ақ электронды нұсқасы http://greenbridgework.kaznu.kz/ сайтында жарияланады.
Форумда қолданылатын тілдер: қазақ, орыс, ағылшын.
Мақалаларыңыз бен өтініштеріңізді келесі электронды почтаға жіберулеріңізді сұраймыз: greenbridgework2018@gmail.com
Конференцияның хатшылары мақалаларды қағаз және электронды нұсқаларын 2018 жылдың 1-сәуіріне дейін қабылдайды.
Ұйымдастыру комитетіне келген материалдар конференцияның жинағында жарияланады.
Мақалалар келесі түрде рәсімделуі қажет:
Мәтін Microsoft Word мәтіндік редакторда теріледі, шрифт «Times New Roman», кегль 14, жоларалық интервал 1, бет форматы барлық бөлігінен – 20 мм, абзац 1,25 см. Мәтінде формулалар мен символдарды жазуда формулалар редакторы Microsoft Eguation пайдаланылуы керек. Суреттер (jpg, tif, 300 dpi; 600 dpi) мен кестелер және оларға сілтеме міндетті түрде болуы керек. Мәтінде пайдаланған әдебиеттерге сілтемелер төменде келтірілген пайдаланған әдебиеттердің тізіміне сәйкес болуы тиіс; тізім мақала соңында орналасады (ГОСТ 7.1-2003 бойынша рәсімделеді). Мақалада міндетті түрде «Мақала бірінші рет жариялануда» деген сөйлем болу керек, басқа басылымдарда жарияланған мақалалар қабылданбайды. Мақала 3 беттен кем болмауы тиіс.
Мақаланы рәсімдеу мысалы:
УДК 539.186:537; 539.196:537
МАҚАЛА АТАУЫ
Иванов И.И.
ҚазҒЗИ «Тағамдану академиясы»
e-mail: ivanov@mail.ru
Аңдатпа. (4-5 сөйлем, 150 сөзден көп болмауы тиіс)
Кілтті сөздер: (5 сөзден көп болмауы тиіс)
Мақала бірінші рет жариялануда.
Мақала мәтіні
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
- Зельдович Я.Б., Бучаченко А.Л., Франкевич Е.Л. Магнитно-спиновые эффекты в химии и молекулярной физике // Успехи физ. наук. – 1988. – Т.155. – №1. – С. 3–45.
- Johnson R.C., Merrifield R.E., Avakian P., Flippen R.B. Effects of magnetic fields on the mutual annihilation of triplet excitons in molecular crystals // Phys. Rev. Lett. – 1967. – V.19. – №2. – P. 285–287.
Өтініш:
- Аты-жөні;
- Жұмыс орны (ұйымның, кафедраның толық атауы);
- Қызметі;
- Ғылыми немесе академиялық атағы;
- Ғылыми дәрежесі;
- Байланыс телефондары, e-mail;
- Секция;
- Баяндама тақырыбы.
Мақала жоғарыда аталған сұраныстарға сәйкес келмеген жағдайда конференцияның ұйымдастыру комитеті қабылдамайды. Мақалалар ТЕГІН жарияланады.
Конференцияның іссапар шығындары (жолақысы, тұруы және тамақтануы) қатысушылардың есебінен төленеді.
Форумның өту орны: әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, «Әл-Фараби» кітапханасы.
Ұйымдастыру комитетінің мекен-жайы: 050040, Қазақстан, Алматы, әл-Фараби даңғылы 71, ГУК 6, 1 эко, тел. + 7(727) 221-16-04, + 7(747) 460-92-21, Танабекова Гүлжанат Бақытқызы.