Жасыл көпір ұрпақтан-ұрпаққа
9-10 сәуір 2018 ж. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті алғашқы президент Б.Н. Ельцин ат. Орал федералдық университетімен бірге болашақ ұрпақтарға арналған тұрақты даму мен «жасыл» экономиканың құндылықтары мен қағидаларын дамытуға, Еуразия кеңістігінде тұрақты дамудың іргелі идеяларын кеңінен тарату мүмкіндігін талқылауға арналған «Жасыл көпір ұрпақтан-ұрпаққа» атты VІI Халықаралық студенттік форум өткізді. Форумның негізгі мақсаты – студенттер мен жас ғалымдарға жасыл бастамаларды қолдау және қоршаған ортаны сақтау, Қазақстанның индустриалды дамуына баламалы энергия көздерін енгізу, ЭКСПО-2017 (Астана қ.) көрмесінде ұсынылған инновациялық әзірлемелерді енгізу бойынша қазіргі тенденцияларды талқылау үшін диалогтық алаң құру. Жас зерттеушілер ашылу салтанатында Халықаралық ұйымдар мен бағдарламалар өкілдері БҰҰ, ЮНЕСКО, ЮНЕСКО-ның «Адам және биосфера» бағдарламасының Қазақстандық ұлттық комитеті, ҚР Материалдық емес мұраларының Ұлттық комитеті өкілдері болды. Форумға Қазақстанның, Ресейдің және алыс шетелдің 20-дан астам жоғары оқу орындарының жас ғалымдары мен студенттері қатысты.