«НЕВАДА-СЕМЕЙ» ҚОЗҒАЛЫСЫНА – 30 ЖЫЛ

«НЕВАДА-СЕМЕЙ» ҚОЗҒАЛЫСЫНА – 30 ЖЫЛ

Бүгін әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың мәжіліс залында «Невада-Семей» қозғалысының 30 жылдығына арналған ауқымды шара өтті. Жиын жұмысына «Невада-Семей» халықаралық антиядролық қозғалысының президенті, Халық жазушысы әрі ақын, Қазақстанның қоғам қайраткері Олжас Сүлейменов, Қазақстанның қоғам қайраткері, мәдениеттанушы-ғалым, Мұрат Әуезов, антиядролық қозғалыстың ардагерлері Майдан Әбішев, Амангелді Мұстафин, Людмила Прус, Гүлдана Нұрпейісова, Күләш Басыбекова, Рүстем Тұрсынбаев, Валерий Жандаулетов, Гүлсім Сүлейменова, Виктор Инюшин, Эфим Зуслин, Зинайда Бегненко, Республикалық ұланының қолбасшысы Амангелді Шабдарбаев және ҚазҰУ-дың «Невада-Семей» жастар қанаты мен белсенді студенттер, Алматы қаласының жастар ұйымының өкілдері қатысты.

«Невада-Семей» Халықаралық антиядролық қозғалыстың құрылғанына 30 жыл толуына орай ұйымдастырылған жиында бас қосып отырмыз. Полигонда суда, ауада, жерастында барлығы 616 ядролық және термоядролық сынақ жасалған. Жарылыстың зардабы мыңдаған отбасыға тиді. Бұл үлкен тарих, бір жағынан өкінішті тарих, екінші жағынан болашақ үшін үлкен жақсы іс-шара деп ойлаймын. Өздеріңізге белгілі, ядролық қару үлкен саясат болғанымен, оның салмағын Қазақстан халқы өз мойнына алған. Әлі күнге дейін оның зардабын біз көріп, біліп келеміз. Қазір дербес, егеменді елміз. Қазір қалай дамысақ та өз еркімізде. Бүгін «Невада-Семей» қозғалысының 30 жылдығы атаулы күн қара шаңырақ ҚазҰУ-дан бастау алып отыр. Біз үшін бұл үлкен мәртебе», – деді өз сөзінде ҚазҰУ ректоры Ғалым Мұтанов.

ХХ ғасырдың ғалымдары ядролық қаруды сынап көрді. Бірнеше елдің соның ішінде атап өтсек, Англия, Германия, АҚШ, Жапонияда да қолданыс тауып, ол елдің зардабына айналды. Қазақстанда атом сынағын өткізу үшін миллиондаған жер бөлініп, Кеңес одағы кезінде Семей полигонында сынақ жүргізіліп, ол стратегиялық объекті ретінде болды. Онда 600-ге жуық жарылыс жасалғаны белгілі. Қазақстандағы жарылыстың қуаты Хиросимамен салыстырғанда 2,5 мың есе асып түскен. Бүгінде соның салдарынан әрбір алпысыншы бала ауру, кемтар болып дүниеге келеді. Бұл адамзатқа жасалған қиянат.

Олжас Сүлейменов: «Бұл күн қозғалыстың туған күні. 1989 жылы желтоқсандық оқиғадан соң алғаш рет Алматыда сол кезде үлкен митинг болды. Сол митинг осы қозғалысты тудырды. «Невада-Семей» полигоны бұл екі егіз сияқты. Біз тек Семей дей алмадық, америкалық Неваданы қостық, екеуі де жер бетіндегі ең ірі полигон болатын. Кейін Жапониядағы Хирасимо қаласындағы жарылыста осы іспеттес. ХХ ғасырдың соңында, сол кезде «Демократияның қас-қағым сәті» болды, маған 10 минут тікелей эфирден уақыт бергенде мен бұндай сәтті мүмкіндік бола бермейтінін түсініп, ұтымды қолдануға тырыстым. 63 жыл бойы бізді алдап келген. Жер астында жарылыстар өткізіліп келген. Маған бір адам хабарласты, аты-жөнін айтпады. Ол өзін полиганнан алыс емес жерде тұратын адам деп, сонда жарылыс жасалып жатқанын айтып, балаларына, отбасына зардабы болатынына уайымдайтынын жеткізіп, өзі білген мән-жаймен бөлісті. Сынақ ауада жасалса, адамзатқа ешқандай соғыс керек емес. Сынақ 100 м жер астында жасалып келген. Қазақстан өзін құрбан етіп келді. Біздің қозғалыс Қазақстанның брендіне айналды. Қозғалысты қолдап 2 млн қолхат келді. Біз жоспардағы 18 жарылыстың 11 тоқтаттық. Қозғалыс жұмысы ол қоғамның жұмысы», – деді өз сөзінде.

Арнайы қонақ ретінде қатысқан Мұрат Әуезов те өз ойын жеткізіп, Олжас Сүлейменовпен бірге барлық полигон ошақтарын аралап, көзбен көріп, жойқын жарылыс болдырмау үшін еңбек еткендерін, қиындықтарға төтеп беріп, межелі нәтижеге қол жеткізгендерін айтты. Бүгінгі жастарға үлкен тарих екенін ескере отырып, көзбен көрген тарихи мәліметтермен бөлісті.

Жиында ҚазҰУ жастары атынан география және табиғатты пайдалану факультетінің докторанты, ҚазҰУ-дағы «Невада-Семей» жастар ұйымының төрайымы Гүлжанат Танабекова қозғалыстың жұмысы үшін Олжас Сүлейменов пен барша «Невада-Семей» қозғалысының ардагерлері мен мүшелеріне жастар атынан зор алғысын білдірді. «Биыл ядролық жарылыстардың тоқтағанына 30 жыл. Біз халықтың қандай азап шеккенін, андай қиындыққа тап болғанын сезінеміз. Өткен жаңғырықты, әртүрлі ауруларды өздеріне алған біздің жас ұрпақтан байқауға болады. Халықаралық антиядролық қозғалыс бізге үлкен үмітпен қарайды. Біз Қазақстанның жастары сіздердің идея-мақсаттарыңызды алға асыру үшін тынбай еңбек етуіміз керек. Жастар тарапынан «Невада-Семей» қозғалысының миссиясын дамытуда үлкен іс атқарылып жатыр. Күш-жігерімізді аянбай еңбек етуге дайынбыз», – деді Гүлжанат.

Кездесу соңында Олжас Сүлейменовке арнайы сый-сияпат беріліп, барлық жиналған қауым естелік суретке түсті.

 

4,022 просмотр

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

You may use these HTML tags and attributes: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>