«Жасыл көпір ұрпақтан-ұрпаққа» форумына онлайн қатысу

«Жасыл көпір ұрпақтан-ұрпаққа» форумына онлайн қатысу

2016  жылдың 11-12 сәуірінде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде  мемлекетіміздің басшысы Н.Ә. Назарбаевтың  «ХХI ғасырдағы тұрақты дамудың ғаламдық энергоэкологиялық стратегиясын» және «Жасыл көпір» бастамасын жүзеге асыруды қолдауға арналған V Халықаралық студенттік форум «Жасыл көпір ұрпақтан-ұрпаққа» өтеді.

Форумның негізгі мақсаты студенттер мен  жас ғалымдарды «жасыл экономика» үрдісін дамытуға қатыстыру және тұрақты дамуды қамтамасыз ететін және экологиялық бастамаларды орындау саласындағы студенттік ұйымдармен тәжірибе алмасу және қарым-қатынасты нығайту.

Форумның бағдарламасы:

  • Толық мәжіліс жұмысы;
  • Панельді секциялар келесі бағыттар бойынша:
  • «Тұрақты даму үшін әлеуметтік жобаларды алға бастыру және студенттерде экологиялық мәдениеттің қалыптасу проблемасы»;
  • «Тұрақты даму және жасыл экономика мәнмәтініндегі «ерекше қорғалатын табиғи аймақтар»»;
  • «”Жасыл” экономикаға өту: білімнің, ғылымның және өндірістің өзара әрекеттестігі».

Құрметті қатысушылар және осы форумға қатысам деушілер!

Сіздер осы іс-шараға онлайн форматта қатыса аласыздар, ол үшін өздеріңіздің gmail.com электронды почталарыңызды  осы электронды почтаға greenbridgework@mail.ru 2016 жылдың  10 сәуіріне дейін жіберіңіздер немесе сілтемені басып форумның трансляциясына қатыса аласыздар. Сілтеме форумның басталуына 30 минут қалғанда http://greenbridgework.kaznu.kz/ сайтында орналастырылады.

 

1,213 просмотр