V Халықаралық студенттік форум «Жасыл көпір ұрпақтан-ұрпаққа»
АҚПАРАТТЫҚ ХАТ
2016 жылдың 11-12 сәуірінде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде мемлекетіміздің басшысы Н.Ә. Назарбаевтың «ХХI ғасырдағы тұрақты дамудың ғаламдық энергоэкологиялық стратегиясын» және «Жасыл көпір» бастамасын жүзеге асыруды қолдауға арналған V Халықаралық студенттік форум «Жасыл көпір ұрпақтан-ұрпаққа» өтеді.
Форумның негізгі мақсаты студенттер мен жас ғалымдарды «жасыл экономика» үрдісін дамытуға қатыстыру және тұрақты дамуды қамтамасыз ететін және экологиялық бастамаларды орындау саласындағы студенттік ұйымдармен тәжірибе алмасу және қарым-қатынасты нығайту.
Форумның бағдарламасы:
Толық мәжіліс жұмысы;
Панельді секциялар келесі бағыттар бойынша:
• «Тұрақты даму үшін әлеуметтік жобаларды алға бастыру және студенттерде экологиялық мәдениеттің қалыптасу проблемасы»;
• «Тұрақты даму және жасыл экономика мәнмәтініндегі «ерекше қорғалатын табиғи аймақтар»»;
• «”Жасыл” экономикаға өту: білімнің, ғылымның және өндірістің өзара әрекеттестігі».
Форумға қатысу үшін форумның ресми сайтына тіркелу қажет http://greenbridgework.kaznu.kz/
Форумның нәтижесінде форум мәліметтері мен мақалалардың жинағы (қағаз нұсқасы) жарыққа шығады, сондай-ақ электронды нұсқасы http://greenbridgework.kaznu.kz/ жарияланады.
Форумда қолданылатын тілдер: қазақ, орыс, ағылшын.
Мақалаларыңыз бен өтініштеріңізді келесі электронды почтаға жіберулеріңізді сұраймыз: greenbridgework@mail.ru
Конференцияның хатшылары мақалаларды қағаз және электронды нұсқаларын 2016 жылдың 7 сәуіріне дейін қабылдайды.
Ұйымдастыру комитетіне келген материалдар конференцияның жинағында жарияланады.
Мақалалар келесі түрде рәсімделуі қажет:
• Көлемі 3-4 бетке дейін;
• Бағдарламалар Windows 98/2000/XP; Microsoft Word 2003;
• Жол жиектері: жоғарғы – 2 см, төменгі – 2 см, сол жағы – 3 см, оң жағы 1,5 см;
• Шрифт Times New Roman, KZ Times New Roman; шрифт мөлшері – 12pt;
• Жоларалық интервал дара; абзац – 1 см; кітаптік бағдар; колонтитулсыз; мәтін жол ені бойынша тегістелуі тиіс; міндетті түрде автоматты тасымалдау тәртібіне қойылуы тиіс;
• Мақалада графиктер, кестелер, суреттер болуы тиіс;
• Мақалаға қосымша авторлар туралы ақпарат (қатысуға өтініш) қажет; Файл атауы автор тегіне сәйкес келуі керек.
Өтініш:
1. Аты-жөні;
2. Жұмыс орны (ұйымның, кафедраның толық атауы);
3. Қызметі;
4. Ғылыми немесе академиялық атағы;
5. Ғылыми дәрежесі;
6. Байланыс телефондары, e-mail;
7. Секция;
8. Баяндама тақырыбы.
Мақала жоғарыда аталған сұраныстарға сәйкес келмесе конференцияның ұйымдастыру комитеті қабылдамайды. Мақалалар ТЕГІН жарияланады.
Конференцияның іссапар шығындары (жолақысы, тұруы және тамақтануы) қатысушылардың есебінен төленеді.
Форумның өту орны: әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, «Әл-Фараби» кітапханасы.
Ұйымдастыру комитетінің мекен-жайы: 050040, Қазақстан, Алматы, әл-Фараби даңғылы 71, ҚазҰУ ректораты, 3-ші қабат, 301 бөлме, тел.
+ 7(775) 325-12-54, Каримова Малика Каримовна және Толғанай Ақерке.