3-КУРС PhD ДОКТОРАНТЫ АМУТОВА ФАРИДА ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТОКСИКОЛОГИЯ ЖӘНЕ ХИМИЯ ҚОҒАМЫНЫҢ (SETAC EUROPE-2021) ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖИНАЛЫСЫНДА “ҮЗДІК АУЫЗША БАЯНДАМА” ҮШІН 3 ОРЫН АЛДЫ

3-КУРС PhD ДОКТОРАНТЫ АМУТОВА ФАРИДА ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТОКСИКОЛОГИЯ ЖӘНЕ ХИМИЯ ҚОҒАМЫНЫҢ (SETAC EUROPE-2021) ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖИНАЛЫСЫНДА “ҮЗДІК АУЫЗША БАЯНДАМА” ҮШІН 3 ОРЫН АЛДЫ

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасы және Лотарингия университетінің табиғи ресурстар және инженерия туралы ғылым (агрономиялық ғылымдар) докторлық мектебінің (Нанси қ., Франция) «Абай-Верн» атты екі дипломды бағдарлама аясында (“Экология”) білім алушы – PhD докторант Амутова Фарида, 2021 жылғы 3 мамырда экологиялық токсикология және химия қоғамының (SETAC EUROPE) халықаралық жиналысында «Assessment and management of transfer of persistent organic pollutants from to outdoor reared animals» тақырыбында ауызша баяндама жасады.

SETAC EUROPE – бұл экологиялық мәселелерді зерттеу, талдау және шешу, табиғи ресурстарды басқару және реттеу, зерттеулер мен әзірлемелер, сондай-ақ экологиялық білім берумен айналысатын 85 елдегі 5300-ден астам адам мен мекемелерден тұратын коммерциялық емес дүниежүзілік кәсіби ұйым.

SETAC EUROPE 2021 аясында ұйымдастырылған Жас ғалымдар байқауына қатысу нәтижесінде Амутова Фарида «үздік ауызша баяндама» үшін 3 орын алды.

Фариданың ауызша баяндамасына сілтеме:

https://drive.google.com/file/d/1eytgblU6Z6CkuVGxUfXKfzXqp2nVLBGk/view?usp=sharing\

603 просмотр

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

You may use these HTML tags and attributes: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>