«5B060800 – Экология» мамандығы бойынша студенттердің XIII Республикалық пәндік олимпиадасы
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің базасында 2021 жылғы 27-28 сәуірде “5В060800-Экология”мамандығы бойынша XIII Республикалық студенттік пәндік олимпиада өтті. Олимпиадаға қатысу үшін 19 команда өтініш білдірді: Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, “НАРХОЗ” университеті, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті, Қазтұтынуодағы Қарағанды университеті, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті, М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті, Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті, Алматы техникалық университеті, Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті, Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университеті және әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті.
Олимпиада онлайн режимінде, ZOOM платформасында өтті.
Олимпиада қорытындысы бойынша командалық есепте абсолютті жеңімпаздар анықталып, ҚР Білім және Ғылым министрлігінің дипломдарымен марапатталды:
І дәрежелі:
- Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті: Ахметова Адия Уланкызы, Төлебиева Айдана Темірханқызы, Саурыкова Карина Артыковна, ғылыми жетекші – PhD доктор, доцент Досжанов Ерлан Оспанович
ІІ дәрежелі:
- «НАРХОЗ» университеті: Токина Аружан, Ергазина Алина, Солтанова Аяулым, ғылыми жетекші – б.ғ.к., қауымд. проф Борибай Эльмира Сартайкызы
- Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті: Косяченко Дмитрий Андреевич, Китибаев Бейбарс Дынкуатович, Арипова Алия Кунаевна, ғылыми жетекші – аға оқытушы магистр Бекбаулина Надежда Сергеевна
ІІІ дәрежелі:
- Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті: Савченко Ирина Ивановна, Жабасова Тамила Саятовна, Дюсембаева Анель Токмырзаевна, ғылыми жетекші – б.ғ.к., доцент Баязитова Зульфия Ерзатовна
- М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті: Дусенбаева Асель Рашидовна, Терновая Екатерина Андреевна, Мифтахов Руслан Радикович, ғылыми жетекші – а/ш.ғ.к., доцент, Чекалин Сергей Григорьевич,
- Алматы технологиялық университеті: Наут Наира, Сахратова Милана, Бигалиева Акниет Бериковна, ғылыми жетекші – х.ғ.к. Молдагазыева Жанар Ыспановна