Қоршаған ортаны қорғау және «жасыл даму» саласындағы әлеуметтік серіктестік (Қазақстан – Ресей)
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың тұрақты дамуы бойынша ЮНЕСКО кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы 2020 жылдың 12 қазанында ОНЛАЙН өткен «Қоршаған ортаны қорғау және «жасыл даму» саласындағы әлеуметтік серіктестік» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысты.
Конференцияға Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі, ҚР Білім және ғылым министрлігі, ЮНЕСКО-ның Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан бойынша кластерлік бюросы, Ресей Федерациясы Мемлекеттік Думасы депутаты А.Е. Карповтың қоғамдық қабылдау бөлімі және басқалары қатысты.
Пленарлы отырыста тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасының меңгерушісі Базарбаева Т.А. «Жасыл көпір ұрпақтан-ұрпаққа» серпінді жобасын іске асыру» тақырыбында баяндама жасады.
Секциялық сессияларда келесі профессорлық-оқытушылық құрам спикерлер болды:
Танабекова Г.Б., Ященко Р.В. тақырыбында «Hyponomeuta malinellus Zell. Іле мен Жоңғар Алатауындағы Сиверс алма ағашының (Malus sieversii) зиянкесі ретінде».
Садырова Г.А., Базарбаева Т.А., Омарғазиева А.А. «Алматы қаласының қалалық флорасының биоалуантүрлілігі» тақырыбында баяндама жасады.
Базарбаева Т.А., Мұқанова Г.А., Ошақбай А.А. «Жер бетіндегі климаттың өзгеруі және оның адамзат баласына тигізер салдары (Изменение климата на планете и его последствия на человечество)».
Конференцияға қатысушылар: мемлекеттік органдар, Ресей мен Орталық Азиядағы (Қазақстан, Қырғызстан және т.б.) жоғары оқу орындарының ғалымдары мен студенттері, қоғамдық ұйымдар мен дін өкілдері (католиктер, мұсылмандар, православдар).
Конференция келесі бағыттар бойынша жұмыс жасады:
- Жануарлар мен өсімдіктер әлемі, тіршілік ету ортасын сақтау
- Климаттың өзгеруі
- Дін қызметкерлерінің қоршаған ортаны қорғаудағы рөлі
- Экология және жасыл даму саласындағы жастардың бастамалары
Ұйымдастырушылар: Шоқан Уалиханов атындағы Көкшетау университеті, Ресей Федерациясы Мемлекеттік Думасының депутаты А.Е. Карповтың қоғамдық экологиялық қабылдауы, Тюмень индустриалды университеті, Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі, «Эко-Көкше» экологиялық орталығы» қоғамдық бірлестігі.