ХАҚ «Невада-Семей» және оның жетекшісі О. Сүлейменовтің Қазақстан аумағындағы ядролық сынақтарды тоқтатуда және Семей ядролық полигонын жабылуындағы шешуші рөлі
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың «Невада-Семей» жастар ұйымының белсенділері халықаралық антиядролық қозғалыс «Невада-Семей» ұйымымен бірлесе отырып 19 қазанда «Невада-Семей» «ХАҚ «Невада-Семей» және оның жетекшісі О. Сүлейменовтің Қазақстан аумағындағы ядролық сынақтарды тоқтатуда және Семей ядролық полигонын жабылуындағы шешуші рөлі» тақырыбында онлайн дөңгелек үстел өткізді.
Дөңгелек үстел барысында Семей ядролық полигонындағы жарылыстардың тарихы, «Невада-Семей» қозғалысының 30 жылдан астам уақыт ішінде жеткен жетістіктері қарастырылды.
Дөңгелек үстелге халықаралық ядроға қарсы «Невада-Семей» қозғалысының төрағасының орынбасары Эфим Львович Зуслин, жауапты хатшысы Алия Махметовна Бекмагамбетова, ядроға қарсы қозғалыстың ақсақалдары, Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасының оқытушылары, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Невада-Семей» жастар ұйымының өкілдері қатысты.
Онлайн дөңгелек үстел барысында Семей ядролық полигонындағы жарылыстар, 30 жыл ішінде қол жеткізілген Невада-Семей қозғалысын ұйымдастыру нәтижелері туралы мәселелер қаралды.
«Невада-Семей» халықаралық антиядролық қозғалысының бірінші вице-президенті Ефим Львович Зуслин, антиядролық қозғалыстың ардагерлері, тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасының оқытушылар құрамы, «Невада-Семей» жастар ұйымының өкілдері және ҚазҰУ студенттері қатысты.
Дөңгелек үстел нәтижесінде жастар «Невада-Семей» халықаралық антиядролық қозғалысының жоғары лауазымды тұлғаларынан құнды ақпарат алды.
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың «Невада-Семей»
жастар ұйымының жетекшісі
- Танабекова Г.Б.