Семей ядролық полигонның жабылуы

Семей ядролық полигонның жабылуы

Биыл 1991 жылғы 29 тамыздағы «Семей ядролық сынақ полигонын жабу» туралы Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы Президентінің № 409 Жарлығына өте маңызды тарихи құжатқа қол қойылғанына 29 жыл толды.

Маңызды күннің құрметіне Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Невада-Семей» жастар ұйымы «Семей ядролық полигонның жабылуы» тақырыбында Zoom  платформасы арқылы онлайн форматта дөңгелек үстел өткізді.

Онлайн дөңгелек үстел барысында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың «Невада-Семей» жастар ұйымының төрағасы, тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасының аға оқытушысы Танабекова Гүлжанат Бақытқызы сөз сөйледі. Жастар қозғалысының жетекшісі бұл күн Қазақстанның бастамасымен БҰҰ-ның Бас Ассамблеясының 64-сессиясында Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы іс-қимыл күні ретінде бекітілгенін атап өтті.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың «Невада-Семей» жастар ұйымына қатысушылардың атынан «Экология» мамандығының студенті Меңдібай Қуандық сөз сөйледі.

Онлайн дөңгелек үстелге қатысушылар «Невада-Семей» халықаралық антиядролық қозғалыстың ғаламшардағы ең беделді және бітімгершілік жолындағы тиімді қозғалыстың бейбітшілік үшін күрестегі маңызды рөлін атап өтті.

ЮНЕСКО-ның шешімі бойынша адамзатқа жасаған қызметі үшін оның қызметі «Әлемнің жады» Дүниежүзілік тізіліміне енгізілген. Қозғалыс осындай жетістікке қол жеткізді, әлемде бірінші рет жаңа модель – қоғамдық және парламенттік дипломатияның өзара әрекеттесуі – жалпы қарусыздану жолында алғашқы нақты қадам жасап, ғаламшардағы ең үлкен полигондарда ядролық сынақтарды тоқтатты.

Дөңгелек үстел аясында Семей полигонында сутегі бомбасын сынау туралы бейнеролик көрсетілді. Дөңгелек үстелге қатысушылар радиационды қауіпсіздікке қатысты өзекті мәселелерді талқылады.

 

Автор Гүлжанат Танабекова

 

1,022 просмотр

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

You may use these HTML tags and attributes: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>