VІ Халықаралық студенттік форум «Жасыл көпір ұрпақтан-ұрпаққа»
АҚПАРАТТЫҚ ХАТ
2017 жылдың 11-12 сәуірінде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде мемлекетіміздің басшысы Н.Ә. Назарбаевтың «ХХI ғасырдағы тұрақты дамудың ғаламдық энергоэкологиялық стратегиясын» және «Жасыл көпір» бастамасын жүзеге асыруды қолдауға арналған VІ Халықаралық студенттік форум «Жасыл көпір ұрпақтан-ұрпаққа» өтеді.
Форумның негізгі мақсаты студенттер мен жас ғалымдарды «жасыл экономика» үрдісін дамытуға қатыстыру және тұрақты дамуды қамтамасыз ететін және экологиялық бастамаларды орындау саласындағы студенттік ұйымдармен тәжірибе алмасу және қарым-қатынасты нығайту.
Форумның бағдарламасы:
- Толық мәжіліс жұмысы;
- Панельді секциялар келесі бағыттар бойынша:
- “Жасыл” экономикаға өту және экологиялық мәдениет;
- Тұрақты даму мәнмәтінінде биологиялық алуантүрлілікті сақтау;
- EXPO 2017: баламалы энергетика және индустриалды-инновационды даму;
- Жасыл инфрақұрылымды дамытудың мүмкіншілігі ретінде табиғи ресурстарды пайдалану тиімділігін көтеру және оңтайландыру.
Форумның нәтижесінде форум мәліметтері мен мақалалардың жинағы (қағаз нұсқасы) жарыққа шығады, сондай-ақ электронды нұсқасы http://greenbridgework.kaznu.kz/ жарияланады.
Форумда қолданылатын тілдер: қазақ, орыс, ағылшын.
Мақалаларыңыз бен өтініштеріңізді келесі электронды почтаға жіберулеріңізді сұраймыз: greenbridgework@gmail.com
Конференцияның хатшылары мақалаларды қағаз және электронды нұсқаларын 2017 жылдың 30 мамырына дейін қабылдайды.
Ұйымдастыру комитетіне келген материалдар конференцияның жинағында жарияланады.
Мақалалар келесі түрде рәсімделуі қажет:
Мәтін Microsoft Word мәтіндік редакторда теріледі, шрифт «Times New Roman», кегль 14, жоларалық интервал 1, бет форматы барлық бөлігінен – 20 мм, абзац 1.25 см. Мәтінде формулалар мен символдарды жазуда формулалар редакторы Microsoft Eguation пайдаланылуы керек. Суреттер (jpg, tif, 300 dpi; 600 dpi) мен кестелер және оларға сілтеме міндетті түрде болуы керек. Мәтінде пайдаланған әдебиеттерге сілтемелер төменде келтірілген пайдаланған әдебиеттердің тізіміне сәйкес болуы тиіс; тізім мақала соңында орналасады (ГОСТ 7.1-2003 бойынша рәсімделеді). Мақалада міндетті түрде «Мақала бірінші рет жариялануда» болу керек, басқа басылымдарда жарияланбаған мақалалар қабылданады. Мақала 3 беттен кем болмауы тиіс.
Мақаланы рәсімдеу мысалы:
УДК 539.186:537; 539.196:537
МАҚАЛА АТАУЫ
Иванов И.И.
ҚазҒЗИ «Тағамдану академиясы»
e-mail: ivanov@mail.ru
Аңдатпа. (4-5 сөйлем, 150 сөзден көп болмауы тиіс)
Кілтті сөздер: (5 сөзден көп болмауы тиіс)
Мақала бірінші рет жариялануда.
Мақала мәтіні
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
- Зельдович Я.Б., Бучаченко А.Л., Франкевич Е.Л. Магнитно-спиновые эффекты в химии и молекулярной физике // Успехи физ. наук. – 1988. – Т.155. – №1. – С. 3–45.
- Johnson R.C., Merrifield R.E., Avakian P., Flippen R.B. Effects of magnetic fields on the mutual annihilation of triplet excitons in molecular crystals // Phys. Rev. Lett. – 1967. – V.19. – №2. – P. 285–287.
Өтініш:
- Аты-жөні;
- Жұмыс орны (ұйымның, кафедраның толық атауы);
- Қызметі;
- Ғылыми немесе академиялық атағы;
- Ғылыми дәрежесі;
- Байланыс телефондары, e-mail;
- Секция;
- Баяндама тақырыбы.
Мақала жоғарыда аталған сұраныстарға сәйкес келмесе конференцияның ұйымдастыру комитеті қабылдамайды. Мақалалар ТЕГІН жарияланады.
Конференцияның іссапар шығындары (жолақысы, тұруы және тамақтануы) қатысушылардың есебінен төленеді.
Форумның өту орны: әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, «Әл-Фараби» кітапханасы.
Ұйымдастыру комитетінің мекен-жайы: 050040, Қазақстан, Алматы, әл-Фараби даңғылы 71, ГУК 6, 1 эко, тел. + 7(727) 221-16-04, + 7(747) 460-92-21, Танабекова Гүлжанат Бақытқызы.