Алматыда «Жасыл көпір ұрпақтан-ұрпаққа» VI Халықаралық студенттік форум өтті
2017 жылдың 11-12 сәуірінде Алматыда Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті ұйымдастырған VI Халықаралық студенттік форум «Жасыл көпір ұрпақтан-ұрпаққа» өтті. Форум тұрақты даму үшін «жасыл» экономика, ресурсты және энергияны үнемдеу насихаттау үрдісіне студенттер мен жас ғалымдардың үлкен санын тартуға бағытталған. БҰҰ қоғамдық ақпарат департаменті, ЮНЕСКО-ның Алматыдағы Кластерлік бюросы, ЭСКАТО, ЮНЕП, ЮНЕСКО бағдарламасы бойынша Қазақстан Ұлттық комитеті «Адам және биосфера» (МАБ), Ұлттық Бүкіләлемдік мұра комитеті, Қазақ-неміс университеті осы іс-шараға қатысты.
Форумға Қазақстан, Қырғызстан, Ресей Федерациясының 30 жоғары оқу орындарының 300-ден астам қатысушы қатысты: ҒЗИ БелҰУ, «Дубна» мемлекеттік университеті, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті, Атырау қаласының Назарбаев Зияткерлік мектебі және т.б. Жас ғалымдар «жасыл» экономика, экологиялық мәдениет және тұрақты дамудың әртүрлі аспектілері бойынша 100-ден астам баяндамалар ұсынды.
Құттықтау сөздер мен баяндамалар және Властимил Самек, Николай Помощников, Кристина Toвмасян, Дмитрий Воякин, Наталья Алексеева және Элина Мальцева іс-шара қатысушыларына білім, ғылым, мәдениет және бұқаралық ақпарат құралдардың күшін пайдаланып мүмкіндіктері тең болатын инклюзивті «жасыл» қоғам құрудың жаһандық көзқарастарын ұсынды.
Минжанова Г.М., Танабекова Г.Б.
Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасы