Алматыда «Жасыл көпір ұрпақтан-ұрпаққа» VI Халықаралық студенттік форум өтті

Алматыда «Жасыл көпір ұрпақтан-ұрпаққа» VI Халықаралық студенттік форум өтті

2017 жылдың 11-12 сәуірінде Алматыда  Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті ұйымдастырған VI Халықаралық студенттік форум «Жасыл көпір ұрпақтан-ұрпаққа» өтті. Форум тұрақты даму үшін «жасыл» экономика, ресурсты және энергияны үнемдеу насихаттау үрдісіне студенттер мен жас ғалымдардың үлкен санын тартуға бағытталған. БҰҰ қоғамдық ақпарат департаменті, ЮНЕСКО-ның Алматыдағы Кластерлік бюросы, ЭСКАТО, ЮНЕП, ЮНЕСКО бағдарламасы бойынша Қазақстан Ұлттық комитеті «Адам және биосфера» (МАБ), Ұлттық Бүкіләлемдік мұра комитеті, Қазақ-неміс университеті осы іс-шараға қатысты.
Форумға Қазақстан, Қырғызстан, Ресей Федерациясының 30 жоғары оқу орындарының 300-ден астам қатысушы  қатысты: ҒЗИ БелҰУ, «Дубна»  мемлекеттік университеті, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті, Атырау қаласының Назарбаев Зияткерлік мектебі және т.б. Жас ғалымдар «жасыл» экономика, экологиялық мәдениет және тұрақты дамудың әртүрлі аспектілері бойынша 100-ден астам баяндамалар ұсынды.
Құттықтау сөздер мен баяндамалар және Властимил Самек, Николай Помощников, Кристина Toвмасян, Дмитрий Воякин, Наталья Алексеева  және Элина Мальцева  іс-шара қатысушыларына білім, ғылым, мәдениет және бұқаралық ақпарат құралдардың күшін пайдаланып мүмкіндіктері тең болатын  инклюзивті «жасыл» қоғам құрудың жаһандық көзқарастарын ұсынды.
Минжанова Г.М., Танабекова Г.Б.

Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасы

 

1,875 просмотр

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

You may use these HTML tags and attributes: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>