Жасыл көпір ұрпақтан - ұрпаққа

«Тұрақты даму және коммуникация» II Халықаралық қысқы PR мектебі

 Жыл сайын саяси форум шеңберінде әлемдік қоғамдастықта қабылданатын шешімдердің сапасын арттыру және неғұрлым тиімді саясатты әзірлеу үшін Тұрақты даму мақсаттарын іске асырудағы үкіметтердің іс-қимылдарының барысы туралы ерікті шолулар ұсынылады. Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Әбу-Дабидегі орнықты даму жөніндегі саммитте (2023 ж., қаңтар) атап өткендей: «Біз экономиканы әртараптандыруға және жаңартылатын энергия көздері мен орнықты технологияларды ілгерілетуге […]

Толығырақ
Feb
06

ТДМ жүзеге асырудағы университеттердің рөлін арттыру

2023 жылы 3 ақпанда география және табиғатты пайдалану факультеті, Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Тұрақты даму институтымен бірлесіп, “ТДМ жүзеге асырудағы университеттердің рөлін арттыру” тақырыбында халықаралық вебинар өткізді. Вебинардың мақсаты-университеттердің ТДМ-ға қол жеткізудегі үлесін бағалау, халықаралық ынтымақтастықты нығайту және тұрақты болашақ үшін білімді трансформациялауға бағытталған бірлескен бастамаларды іске асыруға жәрдемдесу […]

Толығырақ
Jan
28

«Университет ғылымын дамыту Қазақстанның инновациялық дамуының қажетті шарты ретінде»

2023 жылдың 20-21 қаңтарында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің қатысуымен “Университеттік ғылымды дамыту Қазақстанның инновациялық дамуының қажетті шарты ретінде” атты ғылыми-практикалық конференция өтті. Сондай ақ конференция аясында жетекші қазақстандық университеттердің ғылыми және инновациялық жетістіктерінің көрмесі ұйымдастырылды. Конференцияның ашылуында министр Саясат Нұрбек құттықтау сөз сөйледі. Өз баяндамасында ол ғылым мен […]

Толығырақ
Jan
24

«ТДМ іске асырудағы университеттердің рөлін арттыру”

2023 жылғы 3 ақпанда сағат 15.00-де география және табиғатты пайдалану факультетінің Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасы және әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің тұрақты даму институты «ТДМ іске асырудағы университеттердің рөлін арттыру” тақырыбында халықаралық вебинар өткізеді. Вебинардың мақсаты университеттердің ТДМ-ға қол жеткізудегі үлесін бағалау, ТДМ саласындағы практик-мамандардың тәжірибесін біріктіру арқылы ынтымақтастықты нығайту және өзгерістерге ықпал ететін […]

Толығырақ

Көшбасшылық дәріс

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ оқытушылары, докторанттары мен магистранттарына арнап Болгарияның (София) Ішкі істер министрлігі академиясының өрт қауіпсіздігі және халықты қорғау факультеті, Химиялық технология және металлургия университетінің машина жасау және машина бөлшектері кафедрасының профессоры, дәріскер Димитър Караиванов «Машина элементтерін жобалауға қойылатын талаптар және ТДМ 9 қамтамасыз ету мақсатында оларды қарастыру. Инфрақұрылымды дамыту, инновация» атты көшбасшылық  дәріс  өткізді. […]

Толығырақ
Nov
04

ҚР ЮНЕСКО жанындағы тұрақты өкілдігінің кеңесшісімен жұмыс мәселесі бойынша кездесуі өтті

Франция мемлекеті Париж қаласында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасының меңгерушісі Тұрсынкүл Базарбаевамен және аталған кафедраның доценті Айгүл Қожаханның ҚР ЮНЕСКО жанындағы тұрақты өкілдігінің кеңесшісі  Рысбек Алибековпен жұмыс мәселесі бойынша кездесуі өтті. Кездесу барысында тараптар UNITWIN бағдарламасы аясында университет пен ЮНЕСКО арасындағы ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін талқылады

Толығырақ
Nov
04

ЮНЕСКО кафедрасының / УНИТВИН бағдарламасының 30 жылдығына арналған «Әділетті және тұрақты болашақ үшін білімді өзгерту” тақырыбындағы халықаралық конференциясы

2022 жылдың 3 қарашасында Францияның Париж қаласында ЮНЕСКО кафедрасының / УНИТВИН бағдарламасының 30 жылдығына арналған  «Әділетті және тұрақты болашақ үшін білімді өзгерту” тақырыбындағы халықаралық конференциясы өз жұмысын бастады. Конференцияға УНИТВИН / ЮНЕСКО кафедралары бағдарламасының қазіргі мүшелері, ЮНЕСКО жанындағы Тұрақты өкілдіктер және ЮНЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссиялар, жоғары оқу орындары, серіктес ұйымдар және УНИТВИННІҢ басқа да […]

Толығырақ
Oct
28

Құттықтаймын

Кафедрамыздың Экология мамандығының 2 курс студенті Ерболат Нарұл Дәстүрлі садақ атудан ересектер, жастар және жасөспірімдер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионатында Пута нысаны бойынша III орынды иеленді. Нарұлды шын жүректен құттықтап, алдағы уақыттарда дәл осындай биік шыңдарды бағындыра беруіне тілектестік білдіреміз!

Толығырақ
Jan
24

Құрметті достар және әріптестер, ЮНЕСКО және UNITWIN желісінің кафедралары!

2022 жылғы 24 қаңтарда халықаралық білім күніне орай Expo 2020 Dubai көрмесінде Италия және ЮНЕСКО-мен бірлесіп ұйымдастырылатын ЮНЕСКО кафедраларының жоғары білім беру болашағы мәселелері жөніндегі халықаралық форумы өтеді. Форум ЮНЕСКО-ның “білім беру болашағы” бастамасының жалпы шеңберіне сәйкес келеді, ол әлемдегі білім беру, оқыту және білімнің болашағына қатысты жаһандық пікірталастар, зерттеулер мен іс-әрекеттердің күн тәртібін қалыптастыруға […]

Толығырақ
Dec
08

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ТӘУЕЛСІЗДІГІНІҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫ АЯСЫНДА ТҰРАҚТЫ ДАМУ БОЙЫНША ЮНЕСКО КАФЕДРАСЫНЫҢ 10 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН “ХХІ ҒАСЫРДЫҢ ЖАҺАНДЫҚ СЫН-ҚАТЕРЛЕРІ ЖӘНЕ ҚОРШАҒАН ОРТА” АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ

2021 жылдың 2-3 желтоқсанында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде География және табиғатты пайдалану факультетінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасының 10 жылдығына арналған “ХХІ ғасырдың жаһандық мәселелері және қоршаған орта” атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция (бұдан әрі – Конференция) өтті. Конференцияның мақсаты – тұрақты дамуды қамтамасыз ету үшін экология, тіршілік қауіпсіздігі, […]

Толығырақ
Страница 4 из 18« Первая...23456...10...Последняя »