Пластик қалдықтарды жинау
Пластик қалдықтарды жинау Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасы ағымдағы жылдың 25-28 маусым аралығында, «Green office Kaznu» виртуалды платформасын дамыту және 12 ТДМ «Жауапты тұтыну және өндіріс» аясында, университет аумағында пластик қалдықтарын жинау бойынша экологиялық акция өткізеді. Жинау орны: география және табиғатты пайдалану факультеті, 6 бот. ауд. Аяқталуы 28 маусым, 11:00. Барлық ниет білдірушілер шақырылады!
Көшбасшылық дәріс
Құрметті әл-Фараби атындағы ҚазҰУ оқытушылары, докторанттары және магистранттары! Сіздерді «ӨНЕРКӘСІПТІК ҚАУІПСІЗДІКТІ ЖЕТІЛДІРУ: НЕГІЗГІ ПРИНЦИПТЕР, ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТӘСІЛДЕР» атты көшбасшылық дәріске шақырамыз. Дәріскер: Д. А. Қонаев атындағы Тау-кен институтының ғылым жөніндегі директордың орынбасары т.ғ.к. Шабельников Евгений Алексеевич. Ұйымдастырушылар: т.ғ.к., доцент А.К. Қожахан, оқытушы А.Е. Алпысбаева Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасы Өтетін жері: Фараби кітапханасы, 303 зал Уақыты: […]
Құрметті оқытушылар мен студенттер! Сіздерді 2024 жылы 23 сәуірде сағат 11:00-де (GTM +5, Алматы) басталатын «Бүкіләлемдік еңбекті қорғау күніне» арналған дөңгелек үстелге шақырамыз! Дөңгелек үстелдің тақырыбы «Климаттың өзгеруінің еңбек қауіпсіздігі мен еңбек гигиенасына әсері». Іс-шараға оқытушылар мен студенттер, өндіріс орындарының еңбек қорғау саласының бас мамандары, сонымен қатар онлайн форматта Канададан, Түркиядан арнайы қонақтар қатысады. […]
Құрметті әріптестер! Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті сізді 2024 жылғы 25-27 сәуір аралығында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 90 жылдығына арналған «Жасыл көпір ұрпақтан-ұрпаққа» атты X Мерейтойлық Халықаралық жастар форумына қатысуға шақырады. Конференцияның мақсаты – студенттер мен жас ғалымдардың тұрақты даму мүддесі үшін жер және қоршаған орта туралы ғылымдардағы “жасыл” бастамалар мен зерттеулерді ілгерілетудің заманауи тенденцияларын талқылау […]