III экологиялық журналистика курсы “Қазақстанда экожүйені сақтау және қалпына келтіру”

2024 жылғы 24 қаңтарда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да ҚР Ақпарат және мәдениет Министрлігінің бастамасымен БҰҰ Ақпараттық Бюросының – БҰҰ Жаһандық коммуникациялар департаментінің өкілдігінің және БҰҰ Қоршаған орта жөніндегі бағдарламасының Орталық Азия елдері бойынша субөңірлік кеңсесінің қолдауымен “Қазақстандағы экожүйені сақтау және қалпына келтіру: бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік медианың әсері” тақырыбында журналистерге арналған экологиялық журналистика бойынша III курс өткізілді. Сабақтарды әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің география және табиғатты пайдалану факультетінің Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасы және журналистика факультетінің баспасөз және электрондық БАҚ кафедралары ұйымдастырды. Курстардың бұл циклі 2020 жылдан бастап ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті және ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі арасындағы өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы Меморандумды іске асыру шеңберінде өткізіліп келеді. Курс ҚР Президенті Қ. Тоқаев Алматы қаласында БҰҰ өңірлік хабы құрылуын қолдау мақсатында өткізілді.

Курстарды әл – Фараби атындағы ҚазҰУ Басқарма мүшесі-академиялық мәселелер жөніндегі проректоры Л. К. Еркінбаева ашты, ол БАҚ арқылы экология, жаһандық климаттың өзгеруі мәселелерін көпшілікке жариялаудың маңыздылығын атап өтті. Курс тыңдаушыларын Климаттық саясат департаменті төмен көміртекті даму басқармасының сарапшысы Д. Е. Мелдекул, ҚР БҰҰ Жаһандық коммуникациялар департаментінің өкілі, ақпарат бюросының басшысы Властимил Самек, журналистика және география және табиғатты пайдалану факультеттерінің декандары Ақтымбаева А. С., Т. М. Көпбаев, сондай-ақ басқа да тартылған ұйымдардың өкілдері құттықтады.. Іс-шара спикерлерінің дәрістері мен практикалық тапсырмалары әлеуметтік желілердің экологиялық проблемаларды шешуге ықпалына, тұрақты даму мақсатында халықаралық әріптестік нәтижелерін талдауға арналды. Ауғанстан, Эфиопия және Бангладеш университеттерінің оқушылары өз еліндегі медиа және экологияның өзара әрекеттесу тәжірибесімен бөлісті. Өткізілген курстардың арқасында БАҚ мамандары, журналистика факультетінің студенттері мен магистранттары өздерінің экологиялық білімдерін арттырды.

226 просмотр

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

You may use these HTML tags and attributes: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>