«Университет ғылымын дамыту Қазақстанның инновациялық дамуының қажетті шарты ретінде»
2023 жылдың 20-21 қаңтарында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің қатысуымен “Университеттік ғылымды дамыту Қазақстанның инновациялық дамуының қажетті шарты ретінде” атты ғылыми-практикалық конференция өтті. Сондай ақ конференция аясында жетекші қазақстандық университеттердің ғылыми және инновациялық жетістіктерінің көрмесі ұйымдастырылды. Конференцияның ашылуында министр Саясат Нұрбек құттықтау сөз сөйледі. Өз баяндамасында ол ғылым мен […]

2023 жылдың 20-21 қаңтарында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің қатысуымен “Университеттік ғылымды дамыту Қазақстанның инновациялық дамуының қажетті шарты ретінде” атты ғылыми-практикалық конференция өтті. Сондай ақ конференция аясында жетекші қазақстандық университеттердің ғылыми және инновациялық жетістіктерінің көрмесі ұйымдастырылды. Конференцияның ашылуында министр Саясат Нұрбек құттықтау сөз сөйледі. Өз баяндамасында ол ғылым мен инновацияны дамытудың, Мемлекет басшысы айтқан әртараптандырылған, технологиялық экономиканы құрудың маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ, бүгінгі таңда университеттер қалай дамып жатқаны және қазіргі уақытта қандай жағдайлар, мүмкіндіктер қарастырылып жатқаны туралы айтты. Айтылғандай, осы уақытқа дейін ҚР-да бес жетекші шетелдік зерттеу жоғары оқу орындарының филиалдары ашылды. Университет ғылымын тұрақты қаржыландыру үшін 2023 жылы бес пилоттық жоғары оқу орындарында эндаумент-қорларды ашу бойынша нысаналы капитал қорлары туралы жеке заң тұжырымдамасы және жол картасы әзірленді. Университет ғылымының дамуына жоғары білім беру жүйесін интернационалдандыру бағдарламасы ықпал етеді”, – деп атап өтті ведомство басшысы.
Пленарлық отырыс алдында отандық университеттердің ғылыми-инновациялық қызметінің негізгі жетістіктерінің көрмесі ұйымдастырылды. Еліміздің 11 университеті тартылды. Көрмеде ЖОО ғалымдарының табысты ғылыми әзірлемелерімен қатар студенттік стартаптар таныстырылды. әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің, Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-нің, Қ. Сәтбаев атындағы ҚазҰЗТУ-нің, М. Әуезов атындағы ОҚМУ-нің, Ғылым Қоры, Жану проблемалар Институтының, Зоология Институтының, және Ақпараттық және есептеуіш технологиялар Институтының ғалымдары өз жетістіктерін ұсынды.
ҚР ҰӘҚ Ғылым комитетінің төрағасы Дархан Ахмед-Заки өз сөзінде 2023 жылға арналған жоспарлар туралы айтты. Ғылым және ғылыми-техникалық қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жүйесін жетілдіру мақсатында “Ғылым және технологиялар жөніндегі Ұлттық кеңес” құрылатын болады. Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығының қызметін қайта бастау жоспарлануда. Сондай-ақ, біз алдағы 3-5 жылда ҒЗТКЖ-ны қаржыландыруды ЖІӨ-нің 1%-на дейін ұлғайту жөніндегі жұмысты жалғастырамыз”, және басты міндет “Ғылым және технологиялық саясат туралы” заңды әзірлеу болып табылады”, – деп атап өтті Дархан Ахмед-Заки.
Конференцияға қатысушылар озық тәжірибе алмасу, ғылыми ұйымдар мен университеттердің ынтымақтастығын кеңейту қажеттігін атап өтті. Сондай-ақ конференцияның әртүрлі секцияларында ЖОО-ларды зерттеу университеттеріне трансформациялау, ғылыми-технологиялық даму саласындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері талқыланды. Конференцияға қатысушылар елдегі ғылыми-зерттеу белсенділігін арттыру үшін аталған іс-шараның маңыздылығы мен уақтылылығын атап өтті.