ТДМ жүзеге асырудағы университеттердің рөлін арттыру

ТДМ жүзеге асырудағы университеттердің рөлін арттыру

2023 жылы 3 ақпанда география және табиғатты пайдалану факультеті, Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Тұрақты даму институтымен бірлесіп, “ТДМ жүзеге асырудағы университеттердің рөлін арттыру” тақырыбында халықаралық вебинар өткізді.

Вебинардың мақсаты-университеттердің ТДМ-ға қол жеткізудегі үлесін бағалау, халықаралық ынтымақтастықты нығайту және тұрақты болашақ үшін білімді трансформациялауға бағытталған бірлескен бастамаларды іске асыруға жәрдемдесу болды.

Вебинар жұмысына 50 – ден астам адам, оның ішінде Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссиясының, Қазақстан және әлемнің түрлі елдері-Италия, Франция, АҚШ, Канада, Гаити, Нигерия, Қырғызстан, Өзбекстан, Әзірбайжан университеттерінің академиялық қоғамдастығының өкілдері және басқалар қатысты.

Вебинарда сөйлеген баяндамашылар қазіргі заманғы университеттер өз елдері мен өңірлері үшін зияткерлік, инновациялық және рухани тұрақты даму орталықтары болып табылатынын атап өтті. Университеттер климаттың өзгеруіне бейімделу, экожүйелерді сақтау және табиғатты тұрақты пайдалану, энергия мен ресурстарды үнемдеу, соның ішінде жаңартылатын энергия көздерін пайдалану, тұрақты және ақылды қалалар құру, жасыл экономиканы енгізу сияқты әлемдік мәселелерді шешу үшін білімді қалыптастыру арқылы зерттеулерімен, сапалы оқытуымен және қоғамға тікелей қатысуымен тұрақты дамуға әсер етеді әрине, оларды жүзеге асыру үшін білім беру мен халықаралық ынтымақтастықты дамыту.

 

Вебинардың модераторы – проф. Т.Л.Тажибаева.

 

https://www.kaznu.kz/kz/19040/news/one/35621/

 

354 просмотр

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

You may use these HTML tags and attributes: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>