Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың қоржынына тағы бір медаль

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың қоржынына тағы бір медаль

ҚазҰУ-дың “Невада-Семей″ жастар ұйымының белсенділері “Невада-Семей″ халықаралық антиядролық қозғалысымен бірлесіп, 19 қазанда Қазақстан жеріндегі соңғы жарылыс күнін атап өтті. Дөңгелек үстел барысында Семей ядролық сынақ полигонының жарылыстары, “Невада-Семей″ қозғалысының 30 жылдан астам уақытта атқарылған жұмыстарының нәтижелері туралы мәселелер қарастырылды.

Дөңгелек үстелге “Невада-Семей″ халықаралық антиядролық қозғалысының көшбасшысы Олжас Омарұлы, антиядролық қозғалыстың ардагерлері мен белсенділері, жастар ұйымдарының өкілдері қатысты.

Іс-шара қорытындысы бойынша “Невада-Семей″ халықаралық антиядролық қозғалысының ардагерлері мен белсенділерін 30 жылдық мерейтойлық медалімен марапаттау рәсімі өтті. Жастар арасында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың “Невада-Семей″ жастар ұйымының жетекшісі Танабекова Гүлжанат Бақытқызы 30 жылдық мерейтойлық медалімен марапатталды. Айта кетерлігі, Гүлжанат Бақытқызы 2016 жылдан бастап “Невада-Семей″ халықаралық антиядролық қозғалыстың ядролық қаруға қарсы күрестегі бастамаларын ілгерілету бойынша қоғамдық жұмыстармен айналысады.

WhatsApp Image 2021-10-19 at 17.31.46 WhatsApp Image 2021-10-19 at 17.31.47

583 просмотр

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

You may use these HTML tags and attributes: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>