ТЕМПУС

ТЕМПУС

I-WEB су ресурстарын біріктіріп басқару: білім және бизнес саласында әлеуетін және әсерін дамыту

2015 жылдың 24-25 қыркүйегінде әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде және РЭЦЦА-да TEMPUS Еуропалық Одағының Бағдарламасы аясындағы «I-WEB (су ресурстарын біріктіріп басқару: білім және бизнес саласында әлеуетін және әсерін дамыту)» жобасының қорытынды Конференциясы өтті.
Аталмыш Конференция Лондон Миддлсекс Университетінің (MU) басшылығымен 15 серіктестен тұратын консорциум орындаған ЕО Қазақстандағы үшжылдық жобасын қорытындылады. Конференция:
• Қазақстанның үш қатысушы университетінің жобадағы практикалық жетістіктерін көрсету мүмкіндігін қамтамасыз етті: Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Ш. Уалиханов атындағы Көкшетау ұлттық университеті (КөкҰУ) және Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті (ХҚТУ);
• Жоба туралы Орталық Азия Көшбасшы Бағдарламасы және веб-платформа Орталық Азияның аймақтық экологиялық орталығы арқылы Орталық Азияда ақпарат таратты.
• ОА су айналымын біріктіріп басқару саласындағы тәжірибесі мен практикасын және аймақтағы трансшекаралық су ынтымақтастығын көрсетті.
Жоба тақырыбы ОА аймағында өзекті, себебі су проблемасы, СЦББ, суға байланысты сұрақтар бойынша трансшекаралық ынтымақтастық, ауыз судың қолжетімділігі, ақаба суларды тазарту және т.б. – аталмыш жобаның қатысушы мемлекеті Қазақстан, сонымен қатар бүкіл ОА үшін өте маңызды. Аталмыш жоба өзінің бағыты бойынша дамуына байланысты ұлттықтан аймақтық бастамаға айналды. Ол ақпаратқа және білім ресурстарына, Қазақстанда, сонымен қатар осындай проблемасы бар аймақтарда біріккен трансшекаралық әрекеттер арқылы мамандар, сарапшылар мен педагогтардың әлеуетін көтерді.
Конференция Лондонның Миддлсекс Университеті, Лейпциг университеті, Валенсияның Техникалық университеті, Кипра Университеті, РЭЦЦА, Арал теңізін құтқару жөніндегі Халықаралық Фонд және ОА аймағындағы халықаралық және ұлттық сарапшылар ұсынған СЦББ, су саясаты және дипломатиясы аясында халықаралық тәжірибеге үлкен назар аударылды.
Конференцияда ҚазҰУ, КөкҰУ, ХҚТУ-дың қазақстандық сарапшылары ұсынған экология саласындағы халықаралық ынтымақтастықты, пәнаралықтықты, СЦББ, аталған курсқа тұрақты даму және жаңа оқу құралдарын көрсететін қазақстандық университеттердің магистранттарына СЦББ бойынша оқу бағдарламасын дайындау және енгізу тәжірибесіне жеке сессия арналды.
2010-2015 жылдары аралығында РЭЦЦА өткізген ОА Көшбасшылық Бағдарламасы мен Конференция байланысты болғандықтан ОА жас көшбасшыларына баса назар аударылды. ЮНЕП-пен, Астанадағы ОБСЕ Орталығы және Норвагия Үкіметімен серіктестіктің арқасында Көшбасшылық Алтыншы бағдарламасының түлектері ОА-ның бес мемлекеті мен Ауғанстан трансшекаралық ынтымақтастықтың дамуы туралы, жобаның нәтижесін тұрақтандыруға және Орталық Азияда оның нәтижелерін қолдану мүмкіндіктері туралы баяндады.

1,615 просмотр