“Жасыл көпір ұрпақтан ұрпаққа” X Мерейтойлық Халықаралық Жастар Форумының жинағы

Құрметті “Жасыл көпір ұрпақтан ұрпаққа” X Мерейтойлық Халықаралық Жастар Форумының қатысушылары! Біздің сайтта “Ғылым және инновация” батырмасында “Жасыл көпір ұрпақтан ұрпаққа” – 2024 мақалалар жинағы жарияланды. “Жасыл көпір ұрпақтан ұрпаққа” X Халықаралық жастар форумында ұсынылған мақалалар мен баяндамалар әлемнің тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған елдеріміздің ғылыми қоғамдастығының байланыстарын одан әрі дамыту және нығайту үшін […]

«ЖАСЫЛ КӨПІР ҰРПАҚТАН-ҰРПАҚҚА» X Мерейтойлық Халықаралық жастар форумы

 2024 жылғы 25-27 сәуір аралығында өтетін әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың   90 жылдығына арналған «Жасыл көпір ұрпақтан-ұрпаққа» атты X Мерейтойлық Халықаралық жастар форумы   өз жұмысын бастады. Ашылу салтанатына Қазақстан, Қырғызстан қоғам қайраткерлері, шетелдік ғалымдар, студенттер, магистранттар, докторанттар мен ғылыми қызметкерлер, сонымен қатар Жер және қоршаған орта туралы ғылымдары, халықаралық қатынастардың өзекті мәселелері, медиа білім беру және жарнама […]

Құрметті достар және әріптестер, ЮНЕСКО және UNITWIN желісінің кафедралары!

2022 жылғы 24 қаңтарда халықаралық білім күніне орай Expo 2020 Dubai көрмесінде Италия және ЮНЕСКО-мен бірлесіп ұйымдастырылатын ЮНЕСКО кафедраларының жоғары білім беру болашағы мәселелері жөніндегі халықаралық форумы өтеді. Форум ЮНЕСКО-ның “білім беру болашағы” бастамасының жалпы шеңберіне сәйкес келеді, ол әлемдегі білім беру, оқыту және білімнің болашағына қатысты жаһандық пікірталастар, зерттеулер мен іс-әрекеттердің күн тәртібін қалыптастыруға […]

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ТӘУЕЛСІЗДІГІНІҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫ АЯСЫНДА ТҰРАҚТЫ ДАМУ БОЙЫНША ЮНЕСКО КАФЕДРАСЫНЫҢ 10 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН “ХХІ ҒАСЫРДЫҢ ЖАҺАНДЫҚ СЫН-ҚАТЕРЛЕРІ ЖӘНЕ ҚОРШАҒАН ОРТА” АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ

2021 жылдың 2-3 желтоқсанында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде География және табиғатты пайдалану факультетінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасының 10 жылдығына арналған “ХХІ ғасырдың жаһандық мәселелері және қоршаған орта” атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция (бұдан әрі – Конференция) өтті. Конференцияның мақсаты – тұрақты дамуды қамтамасыз ету үшін экология, тіршілік қауіпсіздігі, […]

«ХХІ ҒАСЫРДЫҢ ЖАҺАНДЫҚ СЫН-ҚАТЕРЛЕРІ ЖӘНЕ ҚОРШАҒАН ОРТА»

Құрметті әріптестер, студенттер мен жас ғалымдар! Сіздерді 2021 жылдың 02-03 желтоқсаны аралығында Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасының 10 жылдығына арналған «ХХІ ҒАСЫРДЫҢ ЖАҺАНДЫҚ СЫН-ҚАТЕРЛЕРІ ЖӘНЕ ҚОРШАҒАН ОРТА» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысуға шақырамыз. Конференияның ашылу салтаны 2021 жылдың 2 желтоқсанында сағат 10.00-де әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің әл-Фараби кітапханасында 416 конференц-залында өтеді. Уақыты: 10:00 сағ. […]

ҚҰРМЕТТІ ТАЛАПКЕР!

  әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, География және табиғатты пайдалану факультеті, Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасы сізді бакалавриат, магистратура және докторантура мамандықтарына оқуға түсуге шақырады!

«ЕРТЕҢ КЕШ БОЛДЫ: ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІ» КІТАБЫНЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ

2021 жылғы 17 маусымда Нұр-сұлтан қаласында кітаптың жекелеген тараулары болып табылатын: су ресурстарын басқару, ауаның ластануы, қалдықтарды басқару, жердің тозуы, биоалуантүрлілік, энергетикалық ресурстарды пайдаланудың тиімділігі, климаттың өзгеруі сияқты тақырыптар бойынша халықаралық консультанттарды тарта отырып, қазақстандық сарапшылар әзірлеген “Ертең кеш болды: Қазақстанның экологиялық тәуекелдері” ұжымдық монографиясының тұсаукесері өтті. Кітап авторы, биология ғылымдарының кандидаты, тұрақты даму бойынша […]

Орталық Азия университеттерінің қоғамдық дәрісі

  2021 жылдың 4 маусымында Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне орай география ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің география және табиғатты пайдалану факультетінің Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасының меңгерушісі Базарбаева Турсынкул Аманкельдиевнаның “Оңтүстік-Шығыс Балқаш маңы өзендері бассейндерінің геожүйелерінің геоэкологиялық жағдайы: өзгерістер мен мүмкіндіктер” атты көпшілік дәрісі өтті. Іс-шара Қазақстандағы Орталық Азия университетінің […]

ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ҚОРШАҒАН ОРТА КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ӘРКЕТ ДЕКАДЫСЫНА ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН ТӘУЕЛСІЗДІГІНІҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫ ШЕҢБЕРІНДЕ ТҰРАҚТЫ ДАМУ МАҚСАТЫНДА АШЫҚ ДИАЛОГ

2021 жылғы 7 маусымда Дүниежүзілік қоршаған орта күніне арналған дөңгелек үстел өтті, онда келесі тақырыптар талқылануға алынды: 1) “Қоршаған ортаның балалардың әл-ауқаты мен денсаулығына әсері”; 2) “Қазақстанның экожүйесін қалпына келтіру”; 3) “қоршаған орта өзгерістерінің үй және жабайы жануарлардың мекендеуі мен өмір сүру жағдайларына әсері”. Іс-шараны ұйымдастырушылары: Қазақстандағы БҰҰ Ақпараттық Бюросының қолдауымен Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы […]

КАФЕДРА СТУДЕНТТЕРІНЕ ШӘКІРТАҚЫ БЕРІЛДІ

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, география және табиғатты пайдалану факультетінің «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің әуелсіздігінің 30 жылдығына ұштасқан «ҚазҰУ Түлектерінің күніне» байланысты онлайн кездесу өткізді. Бағдарламаға Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасының барлық жетекші профессорлары мен оқытушылары, ғылыми қызметкерлері және студенттері қатысты. «ЭКОСЕРВИС-С» ЖШС-нің атқарушы директоры Асқаров Сейлхан Акказинович, жұмыс беруші, 1987 жылғы ҚазҰУ түлегі, құттықтау сөз алып, Экология […]

2014 ж. 23-24 қазан аралығында Астана қаласында Халықаралық форум ЭКСПО-2017 «Болашақ энергиясы: СО2 шығарылымын қысқарту» аясында Пленарлық сессия ұйымдастырылды «Жасыл Көпір» Әріптестік Бағдарламасы: келешегі мен құралдары


Конференцияны ҚР энергетика Министрі Школьник Владимир Сергеевич ашты. Сондай-ақ, ҚР энергетика Вице-министрі Ахсамбиев Талгат Абдыкаимович, Регионалды ЮНЕП кеңесшісі Нара Лувсан, Швецияның халықаралық кеңесшісі Роджер Капп,  Тәджік ғылыми-ақпараттық филиалының жетекшісі Бузруков Джалил Джалолович сөз сөйледі. Конференция жұмысына Еуропейдтік Кеңес елдерінің, Орталық Азия және басқа да  шектес мемлекеттердің табиғатты қорғау жөніндегі басшылары, ҚР ЖОО-ның және халықаралық ұйымдардың, жеке компаниялардың, Қазақстанның мемлекеттік органдарының өкілдері, экологиялық таза энергия мен «жасыл» өсім жөніндегі халықаралық сарапшылары қатысты.

23 қазанда Астанада ашылған екі күндік Халықаралық форум “Болашақ энергиясы: СО2 шығарылымын қысқарту ” аясында, «Жасыл Көпір» Әріптестік Бағдарламасы ассоциациясының пайда болуы туралы құрылтай келісімінің жобасы көрсетіліп, Әріптестік Бағдарламасы хартиясына қол қойылды. 24 қазанда ұйымдастырылған сараптамалық мәжілісте, ППЗМ Ассоцияциясының және «Жасыл Көпір» Институтының пайда болуы туралы құжаттардың жобалары көрсетілді. Форумның панелді сессиясында бірлескен жобалардың басқарылуы мен өрлеу механизмдері және ППЗМ Институтының құрылуы туралы нақты ұсыныстар талқыланды.

Осы форумға әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің өкілдері белсенді қатысты. География және табиғатты пайдалану факультетінің энергоэкология кафедрасынан х.ғ.к., и.о. доцент Оразбаев Адилхан Ергешұлы қатысты. Ол Қазақстан ұлттық телеарнасының кешкі жаңалықтар айдарына (23 қазан 20:30) шақырылып, қазіргі кезде Қазақстан Ұлттық Географиялық қоғамымен бірге энергоэкология кафедрасында іске асырылып жатқан «Жасыл Көпір» Әріптестік Бағдарламасы және «Қазақстан оқу орындарына жасыл кеңсе ұстанымын енгізу»  туралы интервью берді. Бұл интервью туралы нақтырақ http://kaztv.kaztrk.kz сайтында оқи аласыздар.

«Жасыл экономика» мәселелері бойынша онлайн конференция

ҚазҰУ-да G-Global коммуникативті интернет-алаң форматында «Жасыл көпір: мәселелері мен перспективалары» атты  онлайн-конференция өтті.

Ол III Азия Университеттері Форумы қарсаңында және VII Астана экономикалық форумы аясында Алматы мен Астана қалаларында 21-23 мамырда өтті.

Конференция барысында ҚазҰУ-дың Бірінші проректоры М.М.Бүркітбаев, география факультетінің деканы В.Г.Сальников, ВШЭБ профессоры Б.К.Казбеков, экономикалық зерттеулер Орталығының профессоры Р.К.Сагиева, сонымен бірге, Колумбия Университетінің профессоры (АҚШ) Р.Абазов, Ноттингем университетінің энергетикалық зерттеулер Орталығының аға ғылыми қызметкері М.Каратаев (Ұлыбритания), Санкт-Петербург мемлекеттік университетінің профессоры И.А.Шмелева, Орал мемлекеттік экономикалық университетінің профессоры Г.Ю. Пахальчак қатысты.

Конференция барысында қатысушылар «жасыл» дамудың төмендегідей маңызды тақырыптарын талқылады: «Жасыл экономикаға» көшудің заманауи трендтері»: жетекші елдер тәжірибесі», «Жасыл экономикаға» өтудің эколого-экономикалық механизмдері», «Жасыл экономикаға көшудің әлеуметтік-психологиялық аспектілері», «Қалпына келетін энергия дамуының нормативтік-құқықтық базасы», «Қалпына келетін энергия дамуының энергия көздерін дамытудың қаржылық механизмдері», «Құқықтық, экономикалық және экологиялық мәселелерді реттеуші әлемдік институттарды құру мүмкіндігі».

Шара нәтижесінде «Жасыл көпір: мәселелері мен перспективалары» конференциясы қатысушыларының арасында  энергетика мен климаттың өзгерісі аясында, сонымен бірге G-20 елдерінің жетекшілері мен Дағдарысқа қарсы Жоспардың Әлемдік Концепциясы үшін нұсқаулықтар жасау туралы және VII Астана экономикалық форумын талқылау аясында бірлескен серіктестік туралы келісімге қол жеткізілді.

«Жасыл көпір ұрпақтан-ұрпаққа» III Халықаралық студенттер форумы

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде 2013 жылдың 9-20 сәуірінде «Жасыл көпір ұрпақтан-ұрпаққа» III Халықаралық студенттер форумы өтті.

Форумның негізгі мақсаты, «Жасыл экономика» қозғалысына студенттерді тарту және экологиялық бастамаларды іске асыру аясында студенттік ұйымдардың тәжірибе алмасу мен өзара қарым-қатынасы үшін платформа жасау.

Форумның бағдарламасы төмендеідей:

Кезекті отырыс жұмысы;

Бағыты бойынша секциялы отырыс;

«Жасыл» университеттер қозғалысын дамытудағы студенттік ұйымдардың ролі;

«Студент жастардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру мәселелері»;

«Жасыл экономикаға» жету жолдары студенттер көзімен» тақырыбына дөңгелек үстел;

«Студенттік экологиялық жобалары мен бастамаларын жасау мен жүзеге асыру» тақырыбындағы тренинг.

Форумның өтуі жайлы сұрақтарыңызға жауапты келесі электронды адрес бойынша ала аласыз: UspanovaDK@gmail.com, Daniyar.sundetbayev@kaznu.kz

Форумның өтетін орны: әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, механика-математика факультетінің рубин залында.

Ұйымдастырушы комитеттің мекен жайы: 050040, Қазақстан, Алматы, әл-Фараби даңғылы 71, ҚазҰУ-дің ректораты 3-ші этаж, 301 бөлме.

19-20 сәуір, 2013ж. «Жасыл көпір ұрпақтан-ұрпаққа»  III Халықаралық студенттер форумының концепциясы.

Алматы қ., Қазақстан Республикасы

«Жасыл көпір ұрпақтан-ұрпаққаIII Халықаралық студенттер форумы» (ары қарай – «Форум»)  жасыл экономиканы дамытудағы студенттер ролін дамытуға және ТМД мен Европаның студенттік ұйымдарының серіктес болып жұмыс істеуіне бағытталған.

Форумның ұйымдастырушысы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың география және табиғатты пайдалану факультетінің энергоэкология кафедрасы  мен ҚазҰУ-дың жастар ұйымдары Комитеті. Форумның ұйымдастырылуына серіктес ұйымдар қатысады, олардың тізімі Форумды өткізу Регламентінде көрсетіледі.

Форумның миссиясы

Форумның миссиясы тұрақты әлеуметтік даму үшін жасыл экономиканы  іске асыру мен жасыл технологияларды жасаудағы  тиімділікті арттырудағы студенттер ролін арттыру, сонымен бірге жасыл көпірді дамытудағы волонтерлар мәнін көтеру болып табылады.

Форумның мақсаты

«Жасыл экономика» қозғалысына студенттерді тарту және экологиялық бастамаларды іске асыру аясында студенттік ұйымдардың тәжірибе алмасу мен өзара қарым-қатынасы үшін платформа жасау.

Форумның міндеттері:


1. Жасыл экономика, су ресурстарын тиімді қолдану мен оларды қорғау аясында тәжірибе алмасу.

2.Жасыл экономика мен су ресурстарын қорғау аясындағы студенттік ұйымдардың нәтижелерін жария етіп, талқылауға жағдай жасау.

3. Жасыл технологияларды жасауға қолдау көрсетудегі студенттік ұйымдардың қатысуының тәжірибесін талқылау.

4. Жасыл экономика мен әлеуметтік қамтамасыз ету аясындағы инновациялық жобалар презентациясы.

5. Ортақ жобалар жасау.

Форумға қатысушылар

Форумның жұмысына жоғарғы оқу орындарының студенттердің өзін-өзі басқару ұйымының өкілдері, жас саясаткерлер, студенттер, жас мамандар, жастар қозғалысының мүшелері, қоғамдық ұйымдар өкілдері, мемлекеттік орган қызметкерлері, Қазақстанның және шетелдің мемлекеттік  жастар саясаты саласының  мамандары қатыса алады.

Форум бағдарламасы
Форум мынадай бағдарламадан тұрады: секциялық жұмыстар, қазақстандық және шетелдік сарапшылар, үкімет, қоғамдық және бизнес өкілдерімен жүздесу. Форум аясында дөңгелек үстелдер, пікір-таластар, акциялар, жобаларды қорғау шаралары өтеді.

Форум қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жүргізіледі.

∙ «Жасыл» университеттер қозғалысын дамытудағы студенттік ұйымдардың ролі;

∙ «Студент жастардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру мәселелері»;

∙ Заманауи университеттердегі «жасыл» білім беру: қазіргі жағдай және болашақ»;

∙ «Әлеуметтік жобалар: тұрақты даму үшін студенттік бастамаларды коммерциализациялау;

∙ «Жасыл экономикаға» жету жолдары студенттер көзімен» тақырыбына дөңгелек үстел;

∙ «Студенттік экологиялық жобалары мен бастамаларын жасау мен жүзеге асыру» тақырыбындағы тренинг.

Форумның қаржылануы

Білім беру бағдарламасы, жалпы шаралар, инфрақұрылым, туристік және мәдени бағдарламалар бойынша, тамақтану мен қонақ тарды тұрғын жаймен қамтамасыз етуді Форумның ұйымдастырушысы өзіне алады.
Трансторттық шығынды жіберуші  мекеме өзіне алады. Қатысушылар шығыны Форумды өткізу Регламентінде бекітіледі.

Нәтижелерді қорытындылау

Форум біткеннен соң форум материалдары мен баяндамалар тезистері жинақ түрінде жарық көреді. Форумның белсенді қатысушыларына « Жасыл көпір ұрпақтан-ұрпаққа» IV Халықаралық студенттер форумының арнайы сертификаты мен форум материалдарының жинағы табыс етіледі.

IV Халықаралық Студенттер Форумы «Жасыл көпір ұрпақтан-ұрпаққа»

10-11 сәуір, 2014 ж. Алматы қ., Қазақстан Республикасы «Жасыл көпір ұрпақтан-ұрпаққа» (ары қарай – «Форум»)  IV Халықаралық Студенттер Форумы жасыл экономиканы дамытудағы студенттер ролін дамытуға және ТМД мен Европаның студенттік ұйымдарының серіктес болып жұмыс істеуіне бағытталған.

Форумның ұйымдастырушысы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың география және табиғатты пайдалану факультетінің энергоэкология кафедрасы  мен ҚазҰУ-дың жастар ұйымдары Комитеті. Форумның ұйымдастырылуына серіктес ұйымдар қатысады, олардың тізімі Форумды өткізу Регламентінде көрсетіледі.

Форумның миссиясы

Форумның миссиясы тұрақты әлеуметтік даму үшін жасыл экономиканы  іске асыру мен жасыл технологияларды жасаудағы  тиімділікті арттырудағы студенттер ролін арттыру, сонымен бірге жасыл көпірді дамытудағы волонтерлар мәнін көтеру болып табылады.

Форумның мақсаты

«Жасыл экономика» қозғалысына студенттерді тарту және экологиялық бастамаларды іске асыру аясында студенттік ұйымдардың тәжірибе алмасу мен өзара қарым-қатынасы үшін платформа жасау.

Форумның міндеттері:


1. Жасыл экономика, су ресурстарын тиімді қолдану мен оларды қорғау аясында тәжірибе алмасу.

2.Жасыл экономика мен су ресурстарын қорғау аясындағы студенттік ұйымдардың нәтижелерін жария етіп, талқылауға жағдай жасау.

3. Жасыл технологияларды жасауға қолдау көрсетудегі студенттік ұйымдардың қатысуының тәжірибесін талқылау.

4. Жасыл экономика мен әлеуметтік қамтамасыз ету аясындағы инновациялық жобалар презентациясы.

5. Ортақ жобалар жасау.

Форумға қатысушылар

Форумның жұмысына жоғарғы оқу орындарының студенттердің өзін-өзі басқару ұйымының өкілдері, жас саясаткерлер, студенттер, жас мамандар, жастар қозғалысының мүшелері, қоғамдық ұйымдар өкілдері, мемлекеттік орган қызметкерлері, Қазақстанның және шетелдің мемлекеттік  жастар саясаты саласының  мамандары қатыса алады.

Форум бағдарламасы
Форум мынадай бағдарламадан тұрады: секциялық жұмыстар, қазақстандық және шетелдік сарапшылар, үкімет, қоғамдық және бизнес өкілдерімен жүздесу. Форум аясында дөңгелек үстелдер, пікір-таластар, акциялар, жобаларды қорғау шаралары өтеді.

Форум қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жүргізіледі.

• «Жасыл» университеттер қозғалысын дамытудағы студенттік ұйымдардың ролі;

• «Студент жастардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру мәселелері»;

• Заманауи университеттердегі «жасыл» білім беру: қазіргі жағдай және болашақ»;

• «Әлеуметтік жобалар: тұрақты даму үшін студенттік бастамаларды коммерциализациялау;

• «Жасыл экономикаға» жету жолдары студенттер көзімен» тақырыбына дөңгелек үстел;

• «Студенттік экологиялық жобалары мен бастамаларын жасау мен жүзеге асыру» тақырыбындағы тренинг.

Форумның қаржылануы

Білім беру бағдарламасы, жалпы шаралар, инфрақұрылым, туристік және мәдени бағдарламалар бойынша, тамақтану мен қонақ тарды тұрғын жаймен қамтамасыз етуді Форумның ұйымдастырушысы өзіне алады.
Трансторттық шығынды жіберуші  мекеме өзіне алады. Қатысушылар шығыны Форумды өткізу Регламентінде бекітіледі.

Нәтижелерді қорытындылау

Форум біткеннен соң форум материалдары мен баяндамалар тезистері жинақ түрінде жарық көреді. Форумның белсенді қатысушыларына « Жасыл көпір ұрпақтан-ұрпаққа» IV Халықаралық студенттер форумының арнайы сертификаты мен форум материалдарының жинағы табыс етіледі.

«Model UN-New Silk Way» конференциясы ҚазҰУ-да «Model UN-New Silk Way» конференциясы өтті

1-3 мамыр күні 2014 жылы сағ. 9.00 ҚазҰУ-да (Ғылыми кітапхана,4 қабат) БҰҰ-ның «Академиялық ықпал» бағдарламасы аясында «Model UN-New Silk Way» конференциясы өтті. Шараның ұйымдастырушысы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ және Алматы қаласындағы АҚШ бас елшісі.

Конференция 4 секция бойынша өтті: «БҰҰ бас Ассамблеясы: Білім алуға көпшіліктің  қол жетімді болуын қамтамасыз ету», «БҰҰ қауіпсіздік кеңесі: «Ауғаныстан 2014-постын салудағы жолы», «ECOSOS: «Сауда және Тарифтер», «Адам құқығы жөніндегі БҰҰ кеңесі: «Жанядағы зорлық-зомбылықтан қорғау».

Қазақстаннан, Орталық және оңтүстік Азия елдері, сонымен қатар Италия және Норвегия елдерінен 225 делегаттар ұсынылған тақырып бойынша өз баяндамаларын ұсынды. Ең жақсы спикерлер келесі категориялар бойынша номинацияларға ие болды: «Үздік делегат», «Жұбаныш сыйақы», «Үздік меморандум». Қалған қатысушылар Model UN-New Silk Way қатысу сертификатын алды.

Ұйымдастырушы комитет: Рафис Абазов (PhD) – Model UN-New Silk Way жобасының жетекшісі, Галия Ибраева (PhD) – жобаның екінші жетекшісі.

І аумақтық конференция «Silkroute – Silkroad universities towards Europe»

ҚазҰУ-де Эрасмус Мундус академиялық ұтқырлық жобасының аясында конференция өтті.

ҚазҰУ-де 2014 жылдың 25-ші наурызында Эрасмус Мундус академиялық ұтқырлық қатысушыларының «SILKROUTE – SILKRoad Universities Towards Europe» І аумақтық конференциясы өтті.

Бұл концорциум Европа мен Орталық Азия аумақтарының жоғарғы оқу орындарының басын қосады. Проекттің координаторы Падова университеті (Италия).  Конференция ҚазҰу-де кездейсоқ өткізіліп жатқан жоқ себебі біздің универмитет жоба координаторының көмекшісі, европа мен орталық азия арасындағы және отандық жоғары оқу орындарын байланыстырып отырған маңызды буын.

Конференция жұмысы  жоғары оқу орындарының арасындағы құрылымдық ынтамақтастықтың нығайуын талқылауға бағытталған ол барлық дәрежедегі оқу үдерісінің ұтқырлығын көтермелеуде яғни, бакалавр-студенттердің, магистранттардың және докторанттардың сонымен қатар зерттеушілермен академиялық және әкімшілік қызметкерлердің.

Кездесу барысында сонымен қатар аталған бағдарлама аясындағы халықаралық академиялық ұтқырлыққа қатысуға талапкерлерді іріктеу жасалды.