«ЕРТЕҢ КЕШ БОЛДЫ: ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІ» КІТАБЫНЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ
2021 жылғы 17 маусымда Нұр-сұлтан қаласында кітаптың жекелеген тараулары болып табылатын: су ресурстарын басқару, ауаның ластануы, қалдықтарды басқару, жердің тозуы, биоалуантүрлілік, энергетикалық ресурстарды пайдаланудың тиімділігі, климаттың өзгеруі сияқты тақырыптар бойынша халықаралық консультанттарды тарта отырып, қазақстандық сарапшылар әзірлеген “Ертең кеш болды: Қазақстанның экологиялық тәуекелдері” ұжымдық монографиясының тұсаукесері өтті. Кітап авторы, биология ғылымдарының кандидаты, тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасының доценті Тукенова Зульфия Айдуновна “Топырақтың тозуы – Жаһандық экологиялық дағдарыс қаупі” атты бейне – презентация өткізді. Таныстырудан кейін алаңда экология мәселелері талқыланды.
Іс-шараға кітап авторлары, қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен айналысатын негізгі министрліктердің өкілдері, ғылыми қайраткерлер, сондай-ақ БАҚ өкілдері қатысты.
Тұсаукесерге сілтеме:
https://docs.google.com/presentation/d/1yukxs9M418-iDwD5Gtdz4UaTeEBwRNsF4tGUDj9ZViE