«ЖАСЫЛ КӨПІР ҰРПАҚТАН-ҰРПАҚҚА» X Мерейтойлық Халықаралық жастар форумы

 2024 жылғы 25-27 сәуір аралығында өтетін әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың   90 жылдығына арналған «Жасыл көпір ұрпақтан-ұрпаққа» атты X Мерейтойлық Халықаралық жастар форумы   өз жұмысын бастады.

Ашылу салтанатына Қазақстан, Қырғызстан қоғам қайраткерлері, шетелдік ғалымдар, студенттер, магистранттар, докторанттар мен ғылыми қызметкерлер, сонымен қатар Жер және қоршаған орта туралы ғылымдары, халықаралық қатынастардың өзекті мәселелері, медиа білім беру және жарнама технологиялары салаларында маманданған Франция, Испания және Италиядан келген әріптестер қатысты.

Жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.

Секциялардағы жұмыс келесі бағыттар бойынша жұмыс жасайды:

 

  1. Климаттың кәзіргі өзгеруі, геожүйелердің экологиялық тұрақтылығы және тіршілік қауіпсіздігі;
  2. География, жерге орналастыру және кадастр мәселелерін шешу үшін геоақпараттық картографиялау және геожүйелерді модельдеу;
  3. Тұрақты туризм және қонақжайлылық: ғылым, тәжірибе, бастамалар;
  4. Тұрақты болашақ үшін жасыл PR;
  5. Қазіргі заманғы халықаралық қатынастардың өзекті мәселелері және тұрақты даму мақсаттары;
  6. Тұрақты энергиямен жабдықтау үшін тиімді шешімдері енгізу перспективалары.

 

 

18 просмотр

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

You may use these HTML tags and attributes: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>