Көшбасшымен кездесу!
2019 жылдың 28 қарашасында сағат 15:00-де, БАЗ 1 залында Укашев Жерғалбек Исакеевичпен – көшбасшылық туралы кездесу өтті. Кездесу барысында төтенше жағдайлардың қаупін азайту және олардың салдарын азайтудың тиімді тетіктерін қамтамасыз ету мәселелері қозғалды. Укашев Жерғалбек Исакеевич біздің студенттерді жұмысқа шақырды. Болашақта бірге тығыз байланыста жұмыс жасаймыз деп ойлаймыз.
ЮНЕСКО-ның 40-шы бас конференциясы
ЮНЕСКО-ның бас конференциясы екі жылда бір рет өткізіледі және ұйымның бюджетін және келесі кезеңге бағдарламаларды қабылдайды. Францияның Париж қаласының ЮНЕСКО штаб квартирасында 2019 жылдың 12-14 қарашасында өткен реті бойынша 40-шы конференцияға әл-Фараби атындағы ҚазҰУ атынан тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасының меңгерушісі, г.ғ.к. Базарбаева Т.А. қатысты. Конференция 4 ТБО, инклюзивті білім беру, ұтқырлық және үздіксіз оқыту […]
Біздің студенттердің флеш мобы
14 қазан күні «Жасыл көпір ұрпақтан – ұрпаққа» жобасы аясында «Жасыл желекті – Қазақстан» атты ұранмен Қасым-Жомарт Кемелұлының бастамасын қолдау мақсатында Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасы, «Байтақ болашақ» Республикалық экологиялық қоғамдық бірлестігі және АҚ «Атакент» ұйымдастыруымен Атакент саябағында Апорт және Тульпан сортты 100 алма ағаш түптері отырғызылды. Іс-шараға Атакент саябағының қалыптасуына көптеп үлестерін қосқан ардагерлер ат […]
Атом апатының қауіп-қатерін жеңуге арналған ядролық қаруға қарсы қозғалыстың жетістіктері мен мәселелері
2019 жылы 18 қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласында «Атом апатының қауіп-қатерін жеңуге арналған ядролық қаруға қарсы қозғалыстың жетістіктері мен мәселелері» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысушылар отыз жылдық кезеңдегі Қазақстандағы және әлемдегі антиядролық қозғалыстың қызметіне талдау жасап, дамудың негізгі кезеңдерін анықтап, болашаққа жоспарлар жасады. Конференцияға қатысушылар Қазақстанның алғашқы қоғамдық ұйымы – дүниежүзіндегі ең беделді және бітімгершілік қозғалыс «Невада-Семей» […]
QS WORLDWIDE 2019 халықаралық конференциясы
18-20 қыркүйек аралығында QS WORLDWIDE 2019 халықаралық конференциясы аясында халықаралық қатынастарды орнату мақсатында шетелдік беделді университеттердің бірқатар қатысушыларымен байланыс орнатылды. Кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы мен магистранттары келесі секцияларға қатысты: Тұрақты даму, климат, өзгеріс және тәуекелдерді басқару: саясат, тенденциялар және озық тәжірибелер, тұрақты аймақтық дамудың әлеуетін арттырудағы университеттердің рөлі. Конференцияның күн тәртібінде жемісті пікірталастар өткізіліп, түрлі білім […]
Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы күніне арналған халықаралық дөңгелек үстел
2019 жылдың 28 тамызында Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы күніне арналған халықаралық дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстел Сыртқы істер министрлігінің Алматыдағы өкілдігімен, БҰҰ-ның Қазақстандағы ақпараттық бюросымен және Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетімен бірлесе отырып ұйымдастырылды. 1989 жылы 29 тамызда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жарлығымен әлемдегі ең ірі Семей ядролық полигоны жабылды. Бұл күн Қазақстанның бастамасымен […]
Экологиялық және тұрақты қалаларға арналған «жасыл экономика»: экожүйелер, экономика, саясат
Оксфорд экологиялық экономикасы бойынша жазғы мектеп 2019 жылы «Ақылды және тұрақты қалалар» 2019 жылдың 25 тамызынан 31 тамызына дейін Оксфордтағы Хью колледжінде өтеді. Мектеп ерекшеліктері Лорд Норман Фостердің студиясына және Лондон офисінің мэріне, БҰҰ лекцияларына және Рим клубына, сондай-ақ қызықты интерактивті сыныптарға барады. Бүгінгі күні http://environmenteurope.org/education/13 мекен-жайына хабарласыңыз және бұл қоңырауды желі арқылы бөлісіңіз. Біздің […]
Біздің студенттердің сәлемі
Республикалық студенттік пәндік олимпиада
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым Министрлігімен бірге Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің география және табиғатты пайдалану факультеті 2019 жылдың 27-28 наурызында «5В060900-География», «5В061000-Гидрология», «5В060800- Экология» және «5В071100 – Геодезия және картография» мамандықтары бойынша Республикалық студенттік пәндік олимпиаданы (РСПО) өткізеді. Олимпиаданың мақсаты: шығармашылық қабілеттерін ашу, ең дарынды студенттерді іріктеу және қолдау көрсету; студенттердің зияткерлік әлеуетінің қалыптасуына […]
«ХХI ҒАСЫРДЫҢ ЖАҺАНДЫҚ ҚАТЕРЛЕРІ» СЕМИНАРЫ
21.09.2017 ж. сағ.15.00 география және табиғатты пайдалану факультетінің №225 аудиториясында «ХХI ғасырдың жаһандық қатерлері» семинарының кезекті отырысы өтті. Семинар қонағы және дәріс оқушы – Барселона университетінің профессоры Beatriz Duguy Pedra болды. Семинар тақырыбы: «Жерорта теңізі экожүйелеріндегі өрттер экологиясы».