QS WORLDWIDE 2019 халықаралық конференциясы
18-20 қыркүйек аралығында QS WORLDWIDE 2019 халықаралық конференциясы аясында халықаралық қатынастарды орнату мақсатында шетелдік беделді университеттердің бірқатар қатысушыларымен байланыс орнатылды.
Кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы мен магистранттары келесі секцияларға қатысты: Тұрақты даму, климат, өзгеріс және тәуекелдерді басқару: саясат, тенденциялар және озық тәжірибелер, тұрақты аймақтық дамудың әлеуетін арттырудағы университеттердің рөлі.
Конференцияның күн тәртібінде жемісті пікірталастар өткізіліп, түрлі білім беру бағдарламаларын жүзеге асырумен байланысты көптеген мәселелер бойынша өзара түсіністікке қол жеткізілді. Ғаламдық деңгейде бәсекеге қабілеттілігін сақтау үшін білім мен ғылым деңгейін жақсарту мақсатында енгізілген заманауи технологиялар талқыланды. Осы пікірталастар аясында келесі шетелдік сарапшылардың қатысуы ерекше атап өтілді:
- Professor Sungdon Hwang PhD, Secretary General of SILK-ROAD UNIVERSITIES NETWORK, Hankuk University of Foreign Studies, Seoul, Korea, e-mail: sdhwang@hufs.ac.kr;
- Professor M. Ertan Gokmen, Ankara University, Faculty of Languages, History and Geograph, Ankara, Turkey, e-mail: egokmen@ankara.edu.tr;
- Professor Marian Dârdală, Dean of the Faculty of Cybernetics, Statistics and Economic Informatics at Bucharest University of Economic Studies, Romania, e-mail: dardala@ase.ro;
QS WORLDWIDE 2019 интерактивті платформасын қолдану арқылы Ca‘Foscari Венеция университетімен, сондай-ақ Бауман атындағы Мәскеу мемлекеттік техникалық университетімен халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырудың бірнеше перспективалық бағыттарын құруға мүмкіндік болды.
Атап айтқанда, Венецияның Ca‘Foscari университетінің өкілдері Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттері мен магистранттарын тартуға қызығушылық танытты. «Жазғы мектеп» бағдарламаларына, сонымен қатар экология, қоршаған ортаны қорғау және тұрақты даму саласындағы «Қысқы мектеп» бағдарламаларына қатысуға шақырды. Сонымен қатар, жеке әңгімесінде Венецияның Ca‘Foscari университетінің проректоры әртүрлі еуропалық бағдарламалар мен жобаларды жүзеге асыруға бірлесіп қатысу мүмкіндігі туралы мәлімдеді. Осы университеттің өкілдері үшін байланыс ақпараты төменде берілген.
- Tiziana Lippiello, Vice-Rector of the Ca‘Foscari University of Venice, Venice, Italy, e-mail: lippiello@unive.it;
- Krystina Stermole, Head of Outreach and Recruitment Unit, Ca‘Foscari University of Venice, Venice, Italy, e-mail: stermole@unive.it;
Бауман атындағы Мәскеу мемлекеттік техникалық университетімен келешектегі ынтымақтастық «Суды тазарту», «Ауаны тазарту» және «Тіршілік қауіпсіздігі» сияқты үш негізгі бағытты қамтиды. Осы ынтымақтастық аясында Жазғы мектеп бағдарламасы бойынша студенттермен өзара алмасу күтілуде.Төменде көрсетілген университеттің өкілі үшін байланыс ақпараты берілген.
- Ольга Иванова, Бауман атындағы ММТУ экология және өнеркәсіптік қауіпсіздік кафедрасы, Мәскеу, Ресей, тел. +7 (968) 6245545, e-mail: olgaivanova@bmstu.ru;
Индонезия, Жапония және Малайзия университеттерімен байланыс орнатылды. Индонезия университеттерінің өкілдері биологиялық әртүрлілікті сақтауға маманданған. Сенбі, 21 қыркүйек, 10.30-да Индонезия университеттерінің өкілдерімен кездесу жоспарланды.