Біздің студенттердің флеш мобы

Біздің студенттердің флеш мобы

14 қазан күні «Жасыл көпір ұрпақтан – ұрпаққа» жобасы аясында «Жасыл желекті – Қазақстан» атты ұранмен Қасым-Жомарт Кемелұлының бастамасын қолдау мақсатында  Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасы, «Байтақ болашақ» Республикалық экологиялық қоғамдық бірлестігі және АҚ «Атакент» ұйымдастыруымен Атакент саябағында Апорт және Тульпан сортты 100 алма ағаш түптері отырғызылды. Іс-шараға Атакент саябағының қалыптасуына көптеп үлестерін қосқан ардагерлер ат салысты. Аталмыш шараны үш мекеме бірігіп ұйымдастырғандықтан өте жоғарғы деңгейде өтті. Жастардың ардагерлермен бірге ағаш отырғызуы мерекенің маңыздылығын байқатады. Қазақ ұлттық университетінің тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасының экология, геоэкология және  табиғатты пайдаланудың басқару, тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау мамандығының студенттері төрт флеш моб  биледі.

Мұндай іс-шараның басты мақсаты халықты табиғатты аялауға, қорғауға шақыру, азда болса өз үлестерін қоса алатындарын көрсету, болашақ ұрпаққа үлгі беріп, экологиялық сана-сезімдерін ояту болып отыр. Осы жоба ары-қарай дамып, 18 млн ағаш отырғызылса, жасыл желекті елге айналсақ деп үміттенеміз. Сол үшін бұл эстафета үзілмей жалғасын тауып кетсе, жастарымыз қолдап, еліміздегі көптеген ұйымдар, әкімшіліктер ат салысса нұр үстіне нұр болар еді.

 

973 просмотр

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

You may use these HTML tags and attributes: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>