ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ЕҢБЕК ҚОРҒАУ КҮНІ

ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ЕҢБЕК ҚОРҒАУ КҮНІ

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінде Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасының «Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі» мамандығының 1 курс магистранттары және жетекшісі А.К.Қожаханның ұйымдастыруымен еңбекті қорғау күніне орайластырылған «Бүкіләлемдік қауіпсіздік және еңбекті қорғау күні» онлайн форматта дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараға оқытушылар, студенттермен қатар Ресей, Франция, Кот-д’Ивуар, Әзірбайжан, Өзбекстан және АҚШтан арнайы қонақтар қатысты.

Ақпараттық технологиялар ғасырында QR көмегімен жаңа технологияларды қалай тиімді қолдануға болатынын магистранттар  мысалдар келтіре отырып көрсететіп берді. Стендтерден QR кодтарына телефон камерасын тақап, код таңбасына апарып бір уақытта қажет ақпаратты таба алады. Сондай-ақ, quizz.com сайтында онлайн ойын өткізді. Студенттер өз мамандықтары бойынша сұрақтарға жауап берді, жеңімпаздар сертификаттарға ие болды.

Шетелдік қонақтар өз елдеріндегі еңбек қорғау заңнамалары, өндіріс орындарындағы еңбек қорғау тәртібі, ерекшеліктері, өзекті мәселелері туралы әсерлі баяндап берді.

Бейне жазбаға сілтеме:

https://drive.google.com/file/d/1ZcPQr6-2rj6eGYOJyheaQMai-r0WIvqp/view?usp=sharing

 

1,355 просмотр

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

You may use these HTML tags and attributes: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>