Дүниежүзілік қалалар күні

Дүниежүзілік қалалар күні

БҰҰ Бас ассамблеясы 31 қазанды «Дүниежүзілік қалалар күні» деп жариялады.  Биылғы жылы Жақсы қала, жақсы өмір  тақырыбында басты назар «біздің қоғамдастықтарымыз бен қалаларымызды бағалауға» аударылатын болады.

Бұл күннің мақсаты – халықаралық қоғамдастықтың назарын қала құрылысы мәселелеріне аудару және тұрақты дамуға қол жеткізу үшін қала проблемаларын шешуде елдер арасындағы ынтымақтастықты дамыту.  Біріккен Ұлттар Ұйымының «Бейбітшілік қаласы» күнін еске алу үшін, 2020 жылдың 29 қазанында COMSATS климат және тұрақты даму орталығы (CCCS), Танзанияның өнеркәсіптік зерттеулер мен дамыту ұйымымен (TIRDO) бірлесіп «Жаһандық оңтүстікте урбанизацияның жедел  даму мәселелері» тақырыбында вебинар өткізді.

Вебинар ғаламдық Оңтүстік елдерінің алдында тұрған урбанизацияның негізгі мәселелеріне арналды.  Вебинарда тұрақты урбанизация проблемаларын анықтау және денсаулық сақтау, таза ауыз суға қол жетімділік, нашар дренаж, ауаның ластануы, қатты тұрмыстық қалдықтарды басқару, көмірқышқыл газы шығарындылары және қоршаған ортаның деградациясы сияқты мәселелер бойынша шешімдерді ұсыну үшін әлемдік Оңтүстік елдердің сарапшылары жиналды.

Вебинарда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Тұрақты даму  бойынша ЮНЕСКО  кафедрасының доценті Еділбаев Б. «Қала-көлік жол экологиясының мәселелері» тақырыбында баяндама жасады.

907 просмотр

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

You may use these HTML tags and attributes: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>