Атом апатының қауіп-қатерін жеңуге арналған ядролық қаруға қарсы қозғалыстың жетістіктері мен мәселелері

Атом апатының қауіп-қатерін жеңуге арналған ядролық қаруға қарсы қозғалыстың жетістіктері мен мәселелері

2019 жылы 18 қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласында «Атом апатының қауіп-қатерін жеңуге арналған ядролық қаруға қарсы қозғалыстың жетістіктері мен мәселелері» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысушылар отыз жылдық кезеңдегі Қазақстандағы және әлемдегі антиядролық қозғалыстың қызметіне талдау жасап, дамудың негізгі кезеңдерін анықтап, болашаққа жоспарлар жасады. Конференцияға қатысушылар Қазақстанның алғашқы қоғамдық ұйымы – дүниежүзіндегі ең беделді және бітімгершілік қозғалыс «Невада-Семей» Халықаралық антиядролық қозғалысының бейбітшілік үшін күресте маңызды рөлін атап өтті. Адамзат алдындағы қызметі үшін ЮНЕСКО-ның шешімімен қозғалыс «Әлем естелігі» дүниежүзілік тізіміне енгізілгені де бекер емес. Қозғалыс мұндай жетістікке әлемде алғаш рет халықтық және парламенттік дипломатияның өзара әрекеттесуі – жалпы қарусыздану жолындағы алғашқы нақты қадамды, планетадағы ең үлкен полигондарда ядролық сынақтарды тоқтату – жаңа үлгісі арқылы қол жеткізді.
Қозғалыс ядролық қарусыз әлем құруға және жалпы қарусыздандыру мәселелері бойынша өзара түсіністік пен ынтымақтастық қағидаттарын орнатуға, ядролық қарусыз елдердің парламенттері арқылы өз қызметіне жаңа серпін беруге дайын. Ядролық қауіптің алдын алу бүкіл адамзат үшін «күн тәртібіндегі» мәселе болып қала береді, өйткені бірқатар елдер әлі де ядролық қаруға ие болуға талпынуда. Қозғалыс өзінің қызметі арқылы ядролық, бактериологиялық, химиялық және басқа да қаруды жоюға және толықтай бас тартуға, жаппай қырып-жою қаруын жасау мен жетілдіру бойынша одан әрі жұмыстың жол берілмейтіндігі туралы қоғамдық пікір қалыптастыруға ықпал етуді жалғастырады.
Сонымен бірге, БҰҰ жанындағы Ядролық сынақтардан және техногендік атомдық апаттардан зардап шеккендерге көмек Халықаралық қорын құру жөніндегі бастаманы жүзеге асыру керек. Осыған байланысты қозғалыстың мүшелері БҰҰ-ның «Семей аймағын оңалту» бағдарламасын жүзеге асыруды іске қосу. Қозғалыс әлемдік бейбітшілікті орнату үшін халықаралық ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге және нығайтуға ниетті.
Алайда, әлемдегі қарулануға байланысты жағдайды ескере отырып, антиядролық қозғалыстың жұмысы әлі де жалғасуда. Міндетттерді орындау бір күннің міндеті емес екенін түсініп, қозғалыс ардагерлері жас пікірлестерді дайындауда. Соның бір көрінісі ретінде аталмыш конференцияда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Невада-Семей» жастар ұйымының жетекшісі Танабекова Гүлжанат Бақытқызы «Невада-Семей» жастар ұйымының қызметі жөнінде баяндама жасады. Университетте ядролық қаруды сынаудың салдары бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарды атап өтті.
Антиядролық қозғалыс өзінің жаңа тарихи кезеңінде Қазақстан жастарын ғана емес бүкіл дүниежүзінің жастарын зорлық-зомбылық пен қауіп-қатерден азат әлем үшін күреске тартудың басты міндеті деп санайды, бұл ядролық қарусыз әлем үшін ғаламдық қозғалысқа жаңа күш береді.

1,432 просмотр

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

You may use these HTML tags and attributes: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>