Мидлсекс университеті – Мидлсекс аймағында Лондонның солтүстігінде орналасқан британ университеті.
Ұлыбританияның көптеген бұрынғы «политехтары» сияқты Мидлсекс университеті жоғары оқу орны ретінде салыстырмалы түрде жақында (1973 жылы) негізі қаланған, алайда оның тарихы он тоғызыншы ғасырдың ортасынан бастау алады.
Мидлсекс университеті Лондонның солтүстігіндегі кішігірім мектептер мен колледждерді біріктіру арқылы құрылды. Мидлсекский университетінің ең ескі мекемелерінің бірі өнер мектебі Hornsey College of Art, ол 1882 жылы құрылған. Басқа да негізгі мекемелердің бірі Ponders End Technical Institute (1901 жыл) және Hendon Technical Institute (1939 жыл). 1973 жылы осы үш оқу орны Мидлсекс политехникалық институты болып біріктірілді. Мидлсекс 1992 жылы университет статусын алғанға дейін Лондонның солтүстігіндегі тағы да үш колледждермен бірікті. 1990 жылы басқа оқу орындарын біріктіріп алу арқылы үлкейе бастады. 2009 жылы Мидлсекс университетінің дүниежүзі бойынша 15 офисы болды. 2000 жылы университет үлкен өзгеріске ұшырады, соның нәтижесінде 2003 жылы ребрендинг болды, 2005-2008 жылдары бірнеше кампустар жабылды, солтүстік Лондонның ірі кампустарында өсу мен университет қызметінің консолидациясы болды.