ЮНЕСКО-ның тұрақты даму кафедрасының түлектері күні

ЮНЕСКО-ның тұрақты даму кафедрасының түлектері күні

Түлектер күніне «Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО» кафедрасынан ЖОО бітіргеніне 5 және 10 жыл болған 20 бакалавриат және магистратура түлектері қатысты. Құттықтау сөздерін жоғары оқу орнында жұмыс істеуді жалғастырып жүрген кафедра түлектері: география және табиғатты пайдалану факультеті Ғылыми-инновациялық қызмет және халықаралық байланыстар жөніндегі декан орынбасары, PhD докторы А. А. Рысмағамбетова және аға оқытушы А.Н. Ердесбай  сөйледі. Сондай-ақ, өндірістік салада жұмыс істейтін Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Ғылыми-технологиялық паркі ЖШС жылыжай шаруашылығы бойынша бас маман-агроном С. Айдарханұлы, Медеу паркі КММ  Экология және қоршаған ортаны қорғау басқармасы ормандарды қалпына келтіру және өсімін қорғау бөлімі, орман пайдалану жөніндегі инженер Е. С. Сырымов сөз сөйледі. Кафедра түлектерінің көпшілігі таңдалған мамандықтар бойынша «AAEngineering Group» ЖШС, «RECYCLE SERVICE» ЖШС, ҚР Экология және табиғи ресурстар Министрлігі және т.б. ұйымдарда еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы бойынша экологтар мен инженерлер болып жұмыс істейді. «Экология» мамандығының магистратура түлектері (10 жыл) алғыс ретінде «Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО» кафедрасына түрлі-түсті принтер мен бөлме гүлін сыйлады.

154 просмотр

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

You may use these HTML tags and attributes: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>