2024 жылдың 24-26 сәуір аралығында Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары студенттері арасында Республикалық пәндік олимпиада, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінде өтті. Олимпиадаға жан-жақтан, Қазақстан Республикасының Жоғарғы оқу орындарынан 22 команда білім сынағына сайысқа түсті. Олимпиада 2 – турдан тұрды: яғни 1-ші тур базалық экологиялық пәндер бойынша тестілеу, 2-ші тур «Тұрмыстық қалдықтарды кәдеге жаратудың жасыл […]

2024 жылдың 24-26 сәуір аралығында Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары студенттері арасында Республикалық пәндік олимпиада, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінде өтті. Олимпиадаға жан-жақтан, Қазақстан Республикасының Жоғарғы оқу орындарынан 22 команда білім сынағына сайысқа түсті. Олимпиада 2 – турдан тұрды: яғни 1-ші тур базалық экологиялық пәндер бойынша тестілеу, 2-ші тур «Тұрмыстық қалдықтарды кәдеге жаратудың жасыл технологиялары» тақырыбында өзекті мәселені шешуге бағытталған ғылыми жобаны қорғау.
Республикалық экологиялық пәндік олимпиадаға, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің, География және табиғатты пайдалану факультетінің, Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасының доцент м.а. Құрбанова Лаура Серікқызының жетекшілігімен, «6В05201-Геоэкология» және «6В05202-Экология» білім бағдарламасынан орыс және қазақ тобының 3-курс студенттері қатысты. Біздің студенттер Амребаева Ансара, Сарыбай Жания және Әбдімүтәліп Жасұлан біліктілігі мен білімдерін жоғары нәтижеде көрсетіп, үшінші орынға ие болды. Шәкірттерімізді осындай жетістіктерімен құттықтаймыз.