ЮНЕСКО-ның журналистика және коммуникация кафедрасын құттықтаймыз!

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде ЮНЕСКО-ның коммуникацияны дамыту бойынша Халықаралық бағдарламасының (КДХБ) аясында “Орта Азия аймағы: көші-қон мәселелері бойынша журналистік білім беру” атты жобасы басталды. Жобаны Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан бойынша Алматыдағы ЮНЕСКО Кластерлік Бюросының қолдауымен ЮНЕСКО-ның  журналистика және коммуникация кафедрасы жүзеге асыруда.

ТДМ 4 сапалы білім беру – басым міндет болып табылады. Өткен 17 қазандағы іс-шарада көші-қон мәселелері бойынша мобильді білім беру ресурсы тұжырымдамасының тұсаукесері, бастапқы материалдар ұсынылды. Конференцияға Орталық Азияның бес елінен келген жұмыс тобының мүшелері, БҰҰ мен ЮНЕСКО өкілдері, көші – қон саласындағы ұлттық және қоғамдық ұйымдар, ғалымдар, журналистер және ЮНЕСКО тұрақты даму кафедрасының өкілдері қатысты. Талқылау барысында барлығы осы жобаны қолдап, табыс тіледі!

317 просмотр

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

You may use these HTML tags and attributes: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>