«Тұрақты даму мақсаттары: нақты қадам»

28 қыркүйекте География және табиғатты пайдалану факультетінде Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасының оқытушылары факультет деңгейінде осы күнге өзекті тұрақты даму мақсаттарының тақырыбына арналған іс-шара өткізді. Аталған іс-шарада география және табиғатты пайдалану факультетінің студенттері қатысты. Айта кету керек, жұмыс «ТДМ 4: сапалы білім» қатысты атқарылды.

Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасының меңгерушісі “Тұрақты даму саласында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың жаһандық бастамалары” атты тақырыппен сөз сойледі. Нақтырақ айте кетсек, ЮНЕСКО-ның миссиясы мен мандаты, Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасының  пайда болу тарихы, кафедраның ғылыми бағыттары және MDP/GLOBAL CLASSROOM бағдарламасы сияқты тақырыптар талданды. Келесі  “Тұрақты даму мақсаттары: нақты қадам ” тақырыбында Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасының оқытушысы А. Е. Жолдасбек сөз сөйледі. Бакалавриат студенттеріне ТДМ қызметі қандай екенін және әлем елдері азаматтардың өмір сүру сапасын арттыруға, әлеуметтік-экономикалық дамуға және мемлекеттердің экологиялық тұрақтылығына бағытталған 2030 жылға дейінгі мақсаттар мен индикаторларға қол жеткізу үшін мақсатты түрде не үшін жұмыс істейтінін түсіндірді.

Шақырылған қонақ Тоқтасын Әлішер Жеңісұлы ҚР ТЖМ “Қазселденқорғау” ММ төтенше жағдайлардың алдын алу бөлімінің, Алматы басқармасы басшысы «ТДМ 6: таза су және санитария» тақырыбында сөз сөйледі. Сөздің негізгі ойы: таза суға қол жеткізу және су бұру проблемалары халық арасындағы экономикалық және әлеуметтік жағдайдың нашарлауына, соның ішінде ашаршылыққа, кедейлікке, білім алу мүмкіндігінің болмауына әкеп соғады. Сондай-ақ студентті қоршаған орта мен табиғи ресурстарға үреймен қарауға шақырды.

Іс-шараның ұйымдастырушылары : Базарбаева Т.А., Мұқанова Г.А., Жолдасбек А.Е.

319 просмотр

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

You may use these HTML tags and attributes: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>