ЮНЕСКО кафедрасының / УНИТВИН бағдарламасының 30 жылдығына арналған «Әділетті және тұрақты болашақ үшін білімді өзгерту” тақырыбындағы халықаралық конференциясы
2022 жылдың 3 қарашасында Францияның Париж қаласында ЮНЕСКО кафедрасының / УНИТВИН бағдарламасының 30 жылдығына арналған «Әділетті және тұрақты болашақ үшін білімді өзгерту” тақырыбындағы халықаралық конференциясы өз жұмысын бастады. Конференцияға УНИТВИН / ЮНЕСКО кафедралары бағдарламасының қазіргі мүшелері, ЮНЕСКО жанындағы Тұрақты өкілдіктер және ЮНЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссиялар, жоғары оқу орындары, серіктес ұйымдар және УНИТВИННІҢ басқа да мүдделі тараптары, сондай-ақ ЮНЕСКО әріптестері мен желілері қатысуда.
1992 жылы құрылған УНИТВИН/ЮНЕСКО кафедраларының бағдарламасы күрделі өзара тәуелді даму мәселелерін шешу үшін жоғары оқу орындарын жұмылдыру және тәжірибе алмасу үшін сектораралық желі болып табылады. Ол білім алмасу және бірлесіп жұмыс істеу арқылы институционалдық әлеуетті арттыру үшін халықаралық университетаралық ынтымақтастық пен желілерді құруға ықпал етеді. Конференцияның негізгі мақсаттары: пәнаралық ынтымақтастықты жандандыру және жаңа зерттеу жобаларын ынталандыру.
Конференцияға әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО» кафедрасының меңгерушісі г.ғ.к., доцент Т. А. Базарбаева және т.ғ.к., доцент А. К. Қожахан қатысып жатыр. Пленарлық отырыста ЮНЕСКО-ның Бас директоры Одри Азуле, Францияның жоғары білім және зерттеулер министрі Сильви Ретайо, Fundación cultura de Paz Президенті (Мадрид) және ЮНЕСКО-ның бұрынғы бас директоры (1987-1999) Федерико Майор Сарагоса, Витватерсранд университетінің профессоры (Оңтүстік Африка) Акилле Мбембе сөз сөйледі.