“ЯДРОЛЫҚ ФИЗИКА ИНСТИТУТЫ” РМК-ДА МАГИСТРАНТТЫҢ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ТАҒЫЛЫМДАМАСЫ»
География және табиғатты пайдалану факультетінің Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасының “7M05211-Экология” мамандығының 2 оқу жылы магистранты Дикова Любовь 2021 жылдың 1-ақпан мен 12-ақпан аралығында “Ядролық физика институты” РМК-да (Қазақстан, Алматы қ.) 10 күндік ғылыми-зерттеу тағылымдамасынан өтті.
Ғылыми тағылымдама ЯФИ РМК кешенді экологиялық зерттеулер орталығында “экологиялық жобалау, нормалау” тақырыбы бойынша Инженерлік экология зертханасының меңгерушісі В.А. Макарованың басшылығымен өтті. Тағылымдама нәтижелері бойынша сертификат алынды.