Инновациялық шешімдер

Инновациялық шешімдер

Инновациялық шешімдер

л-Фараби атындағы ҚазҰУ-ға Колумбия университеті жанындағы Жер Институтының тұрақты даму орталығының директоры, профессор Янис Бен Амор келді. MDP Global Class бағдарламасы аясында өткен сапар барысында профессор университет басшылығымен кездесіп, «денсаулық сақтаудың өзекті мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел жұмысына қатысып, университеттің кампусынаралп шықты.

Іс-шараны әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы Пан Ги Муна Тұрақты Даму институты (ТДИ) мен Колумбия университеті жанындағы жер Институтымен бірлесіп ұйымдастырды.

Профессор Янис Бен Аморды қарсы ала отырып, ҚазҰУ-дың бірінші проректоры Мухаметқали Бүркітбаев БҰҰ тұрақты даму орталығының күн тәртібіндегі мәселелерді жүзеге асырып отырған жас мамандардың жұмысын ерекше атап өтті.

Кездесуден кейін өткен «Денсаулық сақтаудың өзекті мәселелері» атты дөңгелек үстелге MDP Global Class студенттері, медицина және денсаулық сақтау факультетінің магистранттары мен докторанттары, қоғам белсенділері және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Жер институты жанындағы Тұрақты даму орталығының директоры, профессор Янис Бен Амор дәріс оқып, медицина және денсаулық сақтау саласындағы өзекті мәселелер бойынша өз тәжірибесімен бөлісіп, жас ғалымдардың сұрақтарына жауап берді. Дөңгелек үстел отырысына Колумбия университеті жанындағы Орталық Азиядағы жаһандық денсаулықты зерттеу орталығының директоры, доктор Әсел Терлікбаева және ҚазҰУ медицина және денсаулық сақтау факультетінің деканы профессор Жанна Калматаева қатысты.

Іс-шара соңында тараптар пікір алмасып, тұрақты дамудың барлық 17 мақсаты бойынша, соның ішінде Жер институты жанындағы «Жібек жолындағы ақылды қалалар» жобасы бойынша урбанизация орталығымен ынтымақтастықты күшейту жөнінде уағдаласты.

www.kaznu.kz

953 просмотр

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

You may use these HTML tags and attributes: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>