Студенттер және жас ғалымдардың «ФАРАБИ ӘЛЕМІ» атты халықаралық ғылыми конференциясы
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті география және табиғатты пайдалану факультеті 2016 жылдың 11-14 сәуір күндері өтетін студенттер және жас ғалымдардың «ФАРАБИ ӘЛЕМІ» атты халықаралық ғылыми конференциясына қатысуға шақырады.
Конференцияға қатысуға Қазақстан мен шетел студенттері және жас ғалымдары шақырылады.
Конференцияға қатысушылардың баяндамалары 2016 жылдың 11 сәуірінен бастап тыңдалады.
Конференцияның салтанатты жабылу рәсімі 14 сәуірде Ө.А. Жолдасбеков атындағы студенттер сарайында өтеді.
Конференция басты мақсаты:
- студенттер мен жас ғалымдар ғылыми-ізденіс және оқу-танымдық іс-әрекетін ынталандыру;
- студенттер мен жас ғалымдарды қазіргі ғылым мәселелерін шешуге тарту;
- студенттердің шығармашылық қабілеттерін ашып дамыту;
- студенттердің интелектуалды мүмкіншіліктерін дамытуға ықпал ету.
Конференциямен байланысты барлық шығындар конференцияға қатысушылармен төленеді.
Конференция барысында келесі ғылым бағыттары бойынша мәселелер талқыланады:
№ | Секциялар атауы | Жауаптылар | Байланыс ақпараты |
1 | Метеорология | Оракова Г.О. | +77013699456 |
2 | Гидрология | Жанабаева Ж.А. | +77013708051 |
3 | География | Каирова Ш. | +77772853189 |
4 | Кадастр | ||
5 | Жерге орналастыру | ||
6 | Геодезия: теория және тәжірибе | Кудайбергенов М.К. | +77021870747 |
7 | Картография: теория және тәжірибе | ||
8 | Геоинформатика және тұрақты даму | ||
9 | Экология | Минжанова Г.М. | +77059103745 |
10 | Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау | ||
11 | Жасыл экономикаға өтудің географиялық және экологиялық аспектілері | ||
12 | Ішкі туризм: қазіргі жағдайы, мәселелері және болашағы | Сейтжанова А.К. | +77024102969 |
13 | Халықаралық туризм дамуының замануи тенденциялары | ||
14 | Экологиялық туризм және тұрақты даму |
Халықаралық конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.
Конференция шеңберінде келесі іс-шаралар өткізіледі:
- ашық күнер
- дөңгелек үстел
- ғылыми пікір алмасу
4 .мастер-класс
- көрме
- фотокөрме
- ғылыми тұлғалармен кездесу
- интеллектуалды ойындар, агенттіктер презентациясы.
Конференция материалдары мақалалар жинағы түрінде баспадан шығарылады.
Конферецияға қатысушылар келесі тіркеу қағазы мен тезисті келесі талаптарға сәйкес ұсыну керек:
Конференцияға қатысушы тіркеу қағазы:
Аты-жөні:___________________________________________________________
Оқу немесе жұмыс істеу орны: __________________________________________
Қызметі (студенттер үшін – курс), ғылыми дәрежесі:_________________________
Байланыс ақпараты:__________________________________________________
E-mail: _____________________________________________________________
Конференция жинағын жіберу мақсатында мекен-жайды көрсетіңіз:
____________________________________________________________________
Конференция бағыты: _________________________________________________
Баяндама түрі: стенд, ауызша
Студенттер үшін ғылыми жетекшінің аты жөні, ғылыми дәрежесі
Конференция материалдары келесі түрде рәсімделу керек:
– Тезис көлемі: 1 бетке дейін;
– Бет параметрлері: жоғары – 2 см, төменгі – 2 см, сол жақ – 3 см, оң жақ- 1,5 см.
– Шрифт Times New Roman, KZ Times New Roman; – 12pt
– Жоларалық интервал – бірлік, абзац – 1 см;
– Кестенің атауы кестенің жоғары жолында «1-кесте. Кестенің атауы».
– Суреттің атауы суреттің төменгі жолында «Сурет 1. Суреттің атауы».
Мақаланы орындау реті:
– Жоғары сол бұрышта ӘОК (УДК) көрсетіледі.
– Келесі жолда беттің ортасында бас әріптермен мақала атауы қою шрифтпен көрсетіледі
– Бір жолдан кейін мақала авторының аты-жөні көрсетіледі – курсивті шрифт.
– Келесі жолда автордың жұмыс істеу (оқу) орны көрсетіледі.
– Келесі жолда автордың е-mail көрсетіледі.
– Бір жолдан кейін мақала мәнін ашатын абстракт жазылады (3 сөйлемнен артық емес).
– Бір жолдан кейін түйін сөздер жазылады.
– Бір жолдан кейін мақаланың өзі енгізіледі.
Әдебиеттер тізімі еңбекте пайдалану (көрсетілу) ретіне сәйкес мақаланың соңында жазылады. Сілтеме берілген әдебиеттер мәтінде қисық жақшаның ішінде әдебиеттер тізіміндегі ретіне сай көрсетіледі. Дәйектеме (цитата) қолданған жағдайда міндетті түрде түпнұсқаның парағы: /1,с. 256/ көрсетіледі.
ТЕЗИСТІ РӘСІМДЕУ НҰСҚАСЫ
ӘОК
өлкетану жұмыстарын жүргізу мәселелері
Медетова М. Әл-Фараби ат.Қазақ Ұлттық университеті
e-mail: intel@mail.ru
Абстракт
Түйін сөздер:
Мақала. Мақала. Мақала. Мақала. Мақала.
|
Конференцияның ұйымдастыру комитеті негізгі бағыттар мен негізгі талаптарға жауап бермейтін тезистерді баспаға ұсынбауға құқылы. Ұйымдастыру комитеті материалдарды өңдеу мен түзету жүмыстарын орындамайды. Әрбір тезистің авторы жіберген мәліметтері үшін жауапты.
Бір автор 2 тезисті жібере алады.
Тіркеу қағазы мен тезистердің электронды нұсқасы 26 наурызға дейін қабылданады.
Қосымша ақпаратты келесі тізім бойынша алуға болады:
Ұйымдастыру комитетінің мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, 050040, Алматы қ., әл-Фараби даңғылы, 71. Тел.: +7 (727) 2211601 (ішкі 1601 – география және табиғатты пайдалану факультетінің СҒЗЖ жетекшісі Жанабаева Жанара Ануарбекқызы). Баспаға тезистерді және тіркеу қағазын жоғарыда көрсетілген электронды пошталар бойынша жіберіледі. Поштаға жіберілетін құжаттарды автордың аты-жөні бойынша аталуы тиіс.