Аридті аймақтар: экологиялық және әлеуметтік тұрақтылық

Аридті аймақтар: экологиялық және әлеуметтік тұрақтылық

2018 жылдың 11-12 сәуір аралығында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Оксфорд университетімен (Ұлыбритания) және ЮНЕСКО-ның “Адам және биосфера” бағдарламасының Ұлттық комитетімен бірлесе отырып “Аридті аймақтар: экологиялық және әлеуметтік тұрақтылық” (“Arid Lands: Environmental and Social Sustainability”) атты Халықаралық ғылыми конференциясын өткізуін хабарлайды. Бұр ісшара Еуразияның орталық бөлігінде орналасқан аридті аймақтарының тұрақты даму өзекті мәселелеріне арналған.

Конференция бағдарламасы келесі мәселелерді қамтиды:

  • «Орталық Еуразиядағы аридті аймақтарының тұрақты дамуы» пленарлық тақырыптық сессиясы және бірнеше баяндамалар.
  • Келесі тақырыптық бағыттар бойынша үш бөлімдік жұмысты:
  • «Орталық Еуразия аридті аймақтарының экологиялық мәселелері»

(Климаттық тұрақтылық, шөлдену, биоалуантүрлілікті сақтау, табиғат қорғау аймақтары, экологиялық заңдар, қашықтықтан зондтау, кеңістіктік талдау, жердің тозуы, су ресурстары және т.б.)

  • «Орталық Еуразиядағы аридті аймақтарда тұрақты даму»

(Жер пайдалану, техносфера, туризм, жергілікті қауымдастықтарының мәселелері, әлеуметтік тұрақтылықты нығайту мен теңсіздікті төмендету, тұрақты даму мақсаттары мен жергілікті/ аймақтық мәселелер, ЮНЕСКО / ЮНЕП бастамалары, жаһандық ынтымақтастық пен перспективалар және т.б.)

  • «Өткен және қазіргі кездегі Жібек Жолы»

(Тарих, археология, Бүкіләлемдік мұра, трансшекаралық мәселелер мен қоршаған орта, Азияда және одан тысқары аймақта даму мен ынтымақтастық дәліздері және т.б.).

Конференция қорытындысы бойынша Алматы қаласының төңірегіндегі Түйе Фермасына бір күндік тур жоспарланған (конференция қатысушылары есебінен).

Сапардың құны 13000 теңгені құрайтынын ескеріңіз.

Конференцияның материалдары «ҚазҰУ Хабаршысы, география» арнайы басылымында жарияланатын болады, ал ең жақсы баяндамалар Аридті аймақтар журналында жариялауға ұсынылады.

Өтініштер мен мақалаларды келесі электрондық поштаға жіберу керек: greenbridgework@gmail.com

Конференция ағылшын, қазақ және орыс тілдерінде өтеді.

Конференцияға тіркелу тегін. Қонақ үй және жол шығындары қарастырылмайды.

Конференция Ұйымдастыру комитеті конференцияның негізгі бағыттарынан тыс ұсынылған баяндамаларды және аталған талаптарға сай келмейтін басылымдарды қабылдамауға құқылы. Ұйымдастыру комитеті баяндамалардың мәтінін редакциялау жұмыстарын жүргізбейді.

FullSizeRender-01-03-18-14-02

Орналасқан жері:
Әл-Фараби ат. ҚазҰУ кітапханасы
Әл-Фараби даңғылы, 71
Алматы
Қазақстан
050040

БІЗБЕН БАЙЛАНЫСЫҢЫЗ:
ҚОНЫС:
АНАР ЖОЛДЫБЕКОВА
TELEPHONE: +77273773446
E-MAIL: ZHOLDYBEKOVA.BAZARGUL@KAZNU.KZ

КОНФЕРЕНЦИЯНЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША:
ГҮЛДАНА МИНЖАНОВА
TELEPHONE: +77272213135
E-MAIL: GULDANA.MG@GMAIL.COM

2,415 просмотр

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

You may use these HTML tags and attributes: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>