«Жасыл Көпір ұрпақтан-ұрпаққа» Еуразиялық платформа

«Жасыл Көпір ұрпақтан-ұрпаққа» Еуразиялық платформа

Мақсаты – Қазақстан Республикасының Елбасы Н.Ә.Назарбаев бастамасы:  XXI ғасырдағы тұрақты дамудың ғаламдық энергоэкологиялық стратегиясы, «Жасыл көпір» серіктестік бағдарламасы  бойынша жастарды ғылымдық және академиялық бірлестікке шақыру. Бұл жоба «ЭКСПО-2017» әлемдік көрмеге дайындық пен тұрақты инновациялық даму бойынша бастаманы жүзеге асыру үшін жастарды қуаттандырады.

Міндеттері: 
Тұрақты даму мен энергоэкологиялық қауіпсіздік аясындағы жетекші Университеттер мен ғылыми мектептердің әлуетін біріктіру және университеттер консорциумын құру;

Қазақстан Республикасында жасыл технологияларды ілгерілету мен тұрақты даму үшін мамандарды дайындау мен қайта дайындау механизмін жетілдіру;

Бакалаврлар, магистрлар және PhD докторларды дайындау, сонымен бірге тұрақты инновациялық даму бойынша мамандарды дайындау бойынша бірлескен қазақстандық-ресейлік  жобалар аясында дайындау;

Салааралық координация және тұрақты энергоэкологиялық даму аясында заманауи зерттеулерді жүргізу;

«Жасыл» экономика аясында ғылыми және қолданбалы инновациялық жобаларды жасау мен жүзеге асыру.

1,484 просмотр