Халықаралық дөңгелек үстелі “ҒЫЛЫМ МЕН БІЛІМ БЕРУДЕГІ ӘЙЕЛДЕР ТЕҢДІГІ: МҮМКІНДІКТЕРІ МЕН БОЛАШАҒЫ”
2024 жылдың 6 наурызында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасы Халықаралық әйелдер мен қыздар күніне арналған халықаралық дөңгелек үстел өткізді. Іс-шараның мақсаты – студенттерді әйелдердің ғылымға қосқан үлесімен, олардың жетістіктерімен және кәсіби жетістікке жету жолындағы қиындықтарымен таныстыру, сондай – ақ ғылым мен прогресс жолында әйел ғалымдардың қызметін оң моральдық бағалауды қалыптастыруға, өнімді ойлауды дамытуға ықпал ету болды. География және табиғатты пайдалану факультетінің деканы Актымбаева Алия Сагындыковна құттықтау сөз сөйледі. Сондай-ақ, Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасының профессоры Тамара Лашкаровна Тажибаева ТДМ -5 бойынша баяндама жасады. Біздің түлегіміз Зоология институтының PhD қызметкері Гүлжанат Танабекова ғылымға қосқан үлесін айтты. Ғылымның әртүрлі салаларында елеулі жаңалықтар ашқан, техникалық прогрестің дамуына ықпал еткен және күнделікті өмірімізді жайлы еткен әйел ғалымдардың практикалық қызметі мәселелері талқыланды.
Іс-шараға шетелдік серіктестер қатысты: география, экология және туризм факультетінің профессоры Ниязов Тургунбек Зайнидинович, г.ғ. к. доцент Торобекова Тамара Аскаровна Жүсіп Баласағұн атындағы Қырғыз ұлттық университетінен (Бішкек қ.), педагогика ғылымдарының философия докторы PhD. Кадирова Халима .Нұрмұхамедқизи. Ташкент мемлекеттік педагогикалық университетінен. Низами, Қазақстан мен Венгриядан келген кафедра түлектері, география және табиғатты пайдалану факультетінің студенттері мен магистранттары.