ТҰРАҚТЫ ӨМІР САЛТЫ ФЕСТИВАЛІ: ЖАҚСЫ ЖӘНЕ ЖЕҢІЛ ӨМІР СҮРУДІ ҮЙРЕНУ

2023 жылғы 13-14 маусымда “ЮНЕСКО тұрақты даму” кафедрасының оқытушылары: ҒЗЖ және ХҚ жөніндегі деканның орынбасары, доцент м.а. Рысмағамбетова А.А., ҒЗЖ және ХҚ жөніндегі меңгерушісінің орынбасары  О.А. Зубова және аға оқытушы Г.Б. Танабекова Қазақстан-Германия университеті мен ЮНЕП ұйымдастырған Тұрақты өмір салты Фестивалі: жақсы және жеңіл өмір сүруді үйрену” тақырыбындағы фестивальге қатысты.

Фестивальдің мақсаттары:

– Өңірде тұрақты өмір салты университеттерінің желісін іске қосу.

-Оңтүстік-Оңтүстік тұрақты өмір салты, Азия-Тынық мұхиты, Латын Америкасы және Кариб бассейні, сондай-ақ Орталық Азия университеттері арасында озық тәжірибелермен және алынған сабақтармен алмасу саласындағы ынтымақтастыққа жәрдемдесу.

– Тұрақты өмір салты призмасы арқылы оқу бағдарламасын, зерттеулер мен инфрақұрылымды жетілдіру бойынша ұсыныстармен Орталық Азиядағы пилоттық жобаның барысын ұсыну.

– Кампустарда тұрақты өмір салтын енгізу бойынша Орталық Азия университеттерінің 2025 жылға дейінгі іс-қимыл жоспарын талқылау.

Фестиваль жұмысына Орталық Азия университеттерінің өкілдері мен шетелдік сарапшылар, жоғары курс/аспиранттар студенттері, Орталық Азияның бес елінің Білім Министрлігі, жеке сектор, мемлекеттік органдар мен халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты.

Фестиваль барысында қатысушылар университеттердің жетістіктері мен қазіргі жағдайы туралы ақпарат алмасты. Іс-шара тұрақты өмір салты университеттері желісіндегі Орталық Азия университеттерінің фестиваль кезінде ресми іске қосылуымен өзара іс-қимылын ресімдеуге бағытталған. Орталық Азия университеттері желісін дамытуда бірлескен ынтымақтастықтың жаңа мүмкіндіктері талқыланды.

568 просмотр

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

You may use these HTML tags and attributes: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>