ЖЕҢІМПАЗДАРДЫ ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

ЖЕҢІМПАЗДАРДЫ ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың География және табиғатты пайдалану факультетінің тұрақты даму бойыншаЮНЕСКО кафедрасының оқытушылары ТАЖИБАЕВА ТАМАРА ЛАШКАРОВНА, МИНЖАНОВА ГҮЛДАНА МАРАТҚЫЗЫ және ТАНАБЕКОВА ГҮЛЖАНАТ БАҚЫТҚЫЗЫ 2023 жылдың 22 наурызында Ресейдің Петрозаводск қаласында өткен беделді Халықаралық “Педагогикалық кәсіп” педагогикалық байқаудың жеңімпаздары атанды.

Конкурстың мақсаты – озық педагогикалық тәжірибе мен үздік педагогикалық тәжірибелерді жалпылауға және таратуға, сондай-ақ педагог қызметкерлердің кәсіби деңгейін арттыруға ықпал ету. Байқаудың қазылар алқасы 18 номинация бойынша 180-ден астам үміткердің ішінен үздік атаққа үміткерлерді бағалады.

Конкурсқа қатысу үшін біздің оқытушылар “Қазақстанда көміртекті бейтараптық стратегиясын іске асыру үшін “жасыл” энергетика бойынша мамандар даярлау” жұмысын ұсынды және I ДӘРЕЖЕЛІ ДИПЛОМДАРМЕН марапатталды!

Осы Халықаралық конкурстың материалдар жинағы Elibrary.ru ғылыми электрондық кітапханада ашық түрде орналастырылған.

234 просмотр

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

You may use these HTML tags and attributes: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>